AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Құтқарушылар өткен тәулікте өңірлерде тұрғын үйлер...

Құтқарушылар өткен тәулікте өңірлерде тұрғын үйлерді су басу оқиғасы тіркелмегенін жеткізді

Әлеумет 06.04.2022, 07:13 1,028
Құтқарушылар өткен тәулікте өңірлерде тұрғын үйлерді су басу оқиғасы тіркелмегенін жеткізді
Сурет: Gov.kz

Екі мыңнан астам адам жұмыс істеп жатыр.


Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлік мамандары өзен-суларда су деңгейінің көтерілуіне баланысты бақылау жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«Су тасқыны кезеңі басталғаннан бері Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарында 185 тұрғын және 78 саяжай үйді, 2 әлеуметтік нысанды еріген қар суы басты. Барлық 185 тұрғын үйден, 2 әлеуметтік нысаннан және Ақтөбе облысындағы 63 саяжай үйден су сорып шығарылды. Қазіргі уақытта Ақтөбе облысындағы 15 саяжай үй бақылауда тұр», - делінген Төтене жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінің хабарламасында.



Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Павлодар, Қарағанды облыстарында барлығы 1 165 адам эвакуацияланды, оның 676 -ы уақытша эвакуациялау пункттерінде, 480 – туыстарының үйлеріне орналастырылды, 9-ы үйлеріне оралды.


Қарағанды облысында республикалық маңызы бар автожолдардың 6 учаскесінде, Қарағанды және Ақмола облыстарында облыстық маңызы бар автожолдардың 6 учаскесінде, Батыс Қазақстан, Ақмола, Қарағанды және Қостанай облыстарында жергілікті маңызы бар автожолдардың 18 учаскесінде және Ақтөбе облысында жергілікті маңызы бар автожолдардың учаскесінде бір көпірде су тасып жатыр.


Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Түркістан, Қарағанды облыстарында, Нұр-Сұлтан қаласында жергілікті атқарушы органдар мен ТЖМ күштері 1 368 мың м3 еріген қар суы сорылды. Ақмола, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының, Нұр-Сұлтан қаласының аумағында инертті материалдары бар 68 112 қап төселді. Сонымен қатар  Батыс Қазақстан облысында 250 м2 алқапта өзендерде мұз кесу жұмыстары жүргізілді.



Жұмыстарға ТЖМ, ІІМ, жергілікті атқарушы органдардан, үкіметтік емес ұйымдардан 2 402 адам, 798 бірлік техника, 350 су айдау құралдары және 18 жүзу құралдары жұмылдырылды.


Батыс Қазақстан облысында Маңғыстау және Атырау облысы ТЖД құтқарушылары Тасқала ауданы мен Орал қаласында жұмысын жалғастыруда.


5 сәуірде алдын алу іс-шараларын өткізу үшін Ақмола облысына ТЖМ 52859 әскери бөлімінің құрамында 40 адам, 4 бірлік техника бар әскери қызметшілер келді. Олар Жібек Жолы және Қоянды кенттерінде жұмыс жүргізу үшін 2 топқа бөлінді.


5 сәуірде алдын алу іс-шараларын өткізу үшін Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданының Зубовск кентіне құрамында 15 адам, 2 бірлік техникасы бар ТЖМ 68303 әскери бөлімінің әскери қызметшілері келді.


«Қазгидромет» РМК деректері бойынша алдағы тәулікте Ақмола, Ақтөбе, ШҚО, БҚО, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, СҚО және Нұр-Сұлтан қалаларында жаңбыр түрінде аздаған жауын-шашын күтіледі, күндізгі уақытта ауа температурасы +60-тан +200С-қа дейін, түнгі уақытта 00-ден +100 С-қа дейін көтеріледі. Осыған байланысты өзен бассейндерінде қарқынды қар еруі, еріген ағын қалыптасуы, мұз құбылыстарының әлсіреуі және өзендердегі су деңгейінің көтерілуі күтіледі.


Ғарыштық мониторинг деректері бойынша, қармен жабу ауданы 30%-дан аз, қар қорының басым бөлігі елдің орталық және солтүстік өңірлерінде байқалады.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#су #көктем #өзен #Қар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тарихи жады және ядролық қарусыз әлем: Сенатор Б. Жексенбай Токиода Нобель бейбітшілік сыйлығының лауреаттарымен кездесті

Бүгін 21:03

Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «БАЛА ӘЛЕМІ» атты ауқымды мерекелік іс-шара өтті

Бүгін 20:20

Алматының медициналық ұйымдарында Балаларды қорғау күніне орай 400-ге жуық бала құттықталды

Бүгін 19:11

Зейнолла Ыдырысов Challenge Cup турнирінің күміс жүлдегері атанды

Бүгін 18:25

Бибісара Асаубаева Norway Chess Women-де тағы көшбасшы болды

Бүгін 18:22
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);