Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Құстардан адамға қандай қауіп бар?

Құстардан адамға қандай қауіп бар?

Әлеумет 21.08.2024, 14:42 3,669
Құстардан адамға қандай қауіп бар?
Сурет: Islam.kz

Бұл бағыттағы зерттеу нәтижесі көрсеткендей, қалалық жерді мекендейтін құстар көбінесе антибиотиктерге төзімді бактерияларды тасымалдайды.

Адамдарға жақын жүретін жабайы құстар антибиотиктерге төзімді бактерияларды тасымалдауға бейім екенін жаңа зерттеу анықтады. Ғалымдардың пайымдауынша, құстар бойындағы бактериялардың антибиотиктерге төзімділігі негізгізінен адамдар мен үй жануарларына дәрілік заттардың жиі қолдануынан туындайды, деп хабарлайды aqshamnews.kz Islam.kz-ке сілтеме жасап. 

Ғалымдар жабайы құстардың микробқа қарсы төзімді бактерияларды бірнеше жолмен жинай алатынын алға тартып отыр: мәселен, шағалалар мен қарғалардың қоқыс полигондарынан, ал үйректер мен қаздар суы ластанған өзен-көлдерде жинай алады. 2019 жылы әлемде шамамен 4,95 миллион өлім-жітім бактерияның дәрі-дәрмекке төзімділік танытуынан орын алған екен, соның ішінде 1,27 миллионы тікелей осы себептен (құстар арқылы жұқтыру  себебінен) болған. Әлемге әйгілі Оксфордтың Инео институты сарапшыларының пікірінше, қалалық жердегі жабайы құстар дәріге төзімді бактериялардың резервуарына (жиналатын қоры). Самуел Шеппард есімді профессор жабайы құстардың бойынан антибиотиктерге төзімділік гендерін тапқанын атап өтті. Бұл бактериялар еркінен айырылған құстар арасында, соның ішінде құс фабрикаларында таралуы мүмкін. Зерттеу барысында түрлі елдердегі 30 құс түрінен 700 құс саңғырығында кездескен бактериялық геномдар талдаудан өткізілді.

Құстардың микробиомасының бөлігі болғанымен адамдарда гастроэнтерит тудыратын Campylobacter jejuni штамдарына ерекше назар аударылды. Әдетте, әрбір құста Campylobacter jejuni-нің белгілі бір штаммы болады. Алайда, қалалық жердегі құстардың бойынан антибиотиктерге төзімділікті тудыратын гендер үш есе көп көптеген штамм (қоздырғыштар) табылды. Манчестер университетінің ғалымы Данна Гриффорд құстардың бойындағы антибиотикке төзімді бактериялардың  адам денсаулығына кері әсерін тигізуі мүмкін екенін ескерткенімен бактериялардың құстардан адамдарға тікелей берілгені жөнінде фактінің жоғын да жасырмайды. Сол себепті де бұл тараптағы зерттеу қосымша зерттеулерді қажет етеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#құстар #қауіп #бактерия
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жыл басынан бері үш тонна есірткі айналымға жіберілмеді

Бүгін 14:41

Астрофизик: Айға қайта оралу – ғылым үшін жаңа кезең 

Бүгін 12:01

Астрономияны білсеңіз, астрологияға сенбейсіз – астрофизик пікірі

Бүгін 11:56

Қазақстанда ғалым қанша табыс табады?

Бүгін 11:52

2025 жылғы Қазақстанның басты ғылыми жетістігі аталды

Бүгін 11:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика