AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Әнел Ташбай жасөспірімдер Олимпиадасының алтынын ж...

Әнел Ташбай жасөспірімдер Олимпиадасының алтынын жеңіп алды

Спорт Бүгін 10:05 37
Әнел Ташбай жасөспірімдер Олимпиадасының алтынын жеңіп алды
Фото: Ұлттық Олимпиада комитеті

Әнелдің жеңісі Қазақстан құрамасына осы Ойындардағы екінші алтын медальді әкелді, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Сенегалдың Дакар қаласында өтіп жатқан IV жазғы жасөспірімдер Олимпиадасында қазақстандық велошабандоз Әнел Ташбай шосседегі велоспорт жарысында жеңімпаз атанды. Жеке уақытқа жүру сайысында ол 11 минут 32,57 секунд нәтижесімен мәреге бірінші болып жетті.

Әнелдің жеңісі Қазақстан құрамасына осы Ойындардағы екінші алтын медальді әкелді. Бұған дейін дзюдошы Фатима Сұпығалиева жеңімпаз атанған болатын. Сондай-ақ триатлоншы Рамазан Айгенов ел қоржынына қола медаль салды.

Жас спортшының жетістігі қазақстандық велоспорт дәстүрінің жалғасы әрі жас буын спортшыларының әлеуетін көрсетеді. Қазақстандық велошабандоздар жазғы Азия ойындарында ел тарихында барлығы 31 медаль жеңіп алған. 2026 жылы Рината Султанова жеке уақытқа жүру сайысында алтын медаль иеленсе, Алексей Луценко жеке уақытқа жүру және топтық жарыстарда жеңіске жетіп, екі алтын медаль жеңіп алды. Ал Евгений Федоров топтық жарыста күміс жүлдегер атанды.

Спорт резервін даярлау отандық спортты дамытудың маңызды бағыттарының бірі болып қала береді. Қазақстанда олимпиадалық резервтің мамандандырылған спорт мектептері мен мектеп-интернат-колледждері жұмыс істейді. Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, еліміздегі 14 облыстық және 5 республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжде 6 мыңнан астам бала спортпен шұғылданады. Велоспорт та бейінді спорт мектептері мен спорт резервін даярлау ұйымдарында қамтылған. Бұл жас спортшылардың кәсіби даярлықтан өтіп, түрлі деңгейдегі жарыстарға қатысуына мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі Әнел Ташбай мен оның жаттықтырушылар құрамын жоғары жетістігімен құттықтайды. Жасөспірімдер Олимпиадасындағы бұл жеңіс – спортшының өзі үшін де, қазақстандық велоспорт үшін де маңызды жетістік әрі алдағы спорттық жолындағы үлкен белес.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда ғалымдар мен жоғары оқу орындарының басшылығы ҚР Президентінің Жолдауын талқылады

Бүгін 10:27

Алматы ірі халықаралық конгрестерді тартуға басымдық беріп отыр

Бүгін 09:54

Марал Төлепберген Жасөспірімдер олимпиадасының қола жүлдегері атанды

Бүгін 09:31

Алматының Орталық саябағындағы аркаға тарихи-мәдени ескерткіш мәртебесі берілуі мүмкін

Бүгін 09:04

Алматы ғалымдары Президент Жолдауының басым бағыттарын талқылады

Бүгін 08:57
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);