AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Алматыда кіндігі мойнына алты рет оралған сәби дүн...

Алматыда кіндігі мойнына алты рет оралған сәби дүниеге келді

Медицина Бүгін 11:07 53
Алматыда кіндігі мойнына алты рет оралған сәби дүниеге келді
Cурет: pixabay.com

Мамандардың айтуынша, кіндік бауының ерекше ұзын болуы көп рет оралуына қарамастан, сәбидің денсаулығына зиян келтірген жоқ, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматы №1 қалалық перзентханасында сирек кездесетін клиникалық жағдай тіркелді. Сәби кіндік бауы мойнына алты рет оралып дүниеге келді.

Мамандардың айтуынша, кіндік бауының ерекше ұзын болуы көп рет оралуына қарамастан, сәбидің денсаулығына зиян келтірген жоқ.

«Әдетте кіндік бауының қалыпты ұзындығы 50-70 сантиметрді құрайды. Кейде оның ұзындығы 40 сантиметрден де қысқа болады. Ал бұл жағдайда кіндік бауының ұзындығы 200 сантиметрге жеткен. Сонда да ұрықтың денсаулығына қауіп төнген жоқ», - дейді №1 перзентхананың пациенттерді қолдау және ішкі аудит қызметінің жетекшісі Зульфия Нашекенова.

Босану кезінде акушерлер тобы нәрестенің жүрек соғысы мен жағдайын кардиотокография (КТГ) арқылы үздіксіз бақылаған. Заманауи босану залдарындағы медициналық жабдық ұрықтың жағдайындағы ықтимал ауытқуды дер кезінде анықтап, босандыру тәсілін дұрыс таңдауға мүмкіндік береді.

Босану барысында кіндік бауының тартылуы оның қан тамырларының қысылуына, қан айналымының бұзылуына және ұрықтың оттегі тапшылығына ұшырауына әкелуі мүмкін. Бұл жолы мұндай асқыну болған жоқ. Босану еш қиындықсыз өтіп, тіпті дәрігерлерге кесарь тілігіне жүгінудің қажеті болған жоқ.

«Мен акушерлік салада 27 жылдан бері еңбек етіп келемін. Интернатураны аяқтағаннан кейін осы перзентханада жұмысымды бастадым. Содан бері осында қызмет етіп жүрмін. Өз тәжірибемде кіндік бауының бірнеше рет оралуы екі рет кездесті. Алғашқы жағдайда кесарь тілігі кезінде кіндік бауының мойынға жеті рет оралғанын анықтадық. Екінші рет - осы жолы, табиғи жолмен босану кезінде алты рет оралған жағдай тіркелді. Мұны медициналық ғажайып деуге болады», - дейді №1 перзентхананың дәрігер акушер-гинекологы Гаухар Джаксылыкова.

Кіндік бауы мойнына алты рет оралғанына қарамастан, сәби қанағаттанарлық жағдайда дүниеге келді. Жаңа туған нәрестенің жағдайын бірден бағалауға мүмкіндік беретін Апгар шкаласы бойынша ол 7-8 балл жинады. Бұл шкала нәрестенің тыныс алуын, жүрек соғысын, бұлшықет тонусын, рефлекстерін және тері түсін бағалауға негізделген.

Перзентхананың неонатолог дәрігерлері нәрестеге қажетті диагностикалық тексерудің толық кешенін жүргізіп, оның ана құрсағынан тыс өмірге жақсы бейімделгеніне көз жеткізді.

Нұржамал ӘЛІШ

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Ақтауда 25 метрлік бассейннің құрылысы аяқталуға жақын

Бүгін 11:32

«Құрылыс және тағы да құрылыс»: Президент тапсырмасына сәйкес Петропавлда жаңа медициналық жедел жәрдем стансасын салуға 5,9 млрд теңге бөлінді

Бүгін 11:30

Алматыдан шыққан Халық Кеңесінің мүшелері Президент Жолдауының басым бағыттарын қолдады

Бүгін 11:01

Алматыда ғалымдар мен жоғары оқу орындарының басшылығы ҚР Президентінің Жолдауын талқылады

Бүгін 10:27

Әнел Ташбай жасөспірімдер Олимпиадасының алтынын жеңіп алды

Бүгін 10:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);