Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Құрылтайдың Білім және ғылым секциясында қоғамды м...

Құрылтайдың Білім және ғылым секциясында қоғамды мазалаған көп мәселе көтерілді

Әлеумет 16.03.2025, 12:13 730
Құрылтайдың Білім және ғылым секциясында қоғамды мазалаған көп мәселе көтерілді
жеке архивтен

Көкшенің көркем Бурабайында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Ұлттық құрылтайдың 4-отырысы өтті. Құрылтайдың Білім және ғылым секциясында қоғамды мазалаған көп мәселе көтерілді. Соның ішінде жаңа құрылған Президент жанындағы Ұлттық Ғылым академиясының болашағы, қоғамдағы мемлекеттік тілдің қолданысы, тіл білу деңгейі мен мәдениетіне қатысты талқылау қызу жүрді. Секция қатысушылары әр мәселе жөнінде өз ұсынысын айтты. 

Құрылтай алды өткен кеңестегі ұсыныстардың орындалу барысы, ғылым мен жоғары білім саласын озық халықаралық білім беру жүйесімен құрмаластыру жолындағы бастамалар мен қарқынды істер туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің жан-жақты баяндамасы қоғам белсенділерінің көңілінен шықты.

Осы отырыстан мемлекеттік тіл туралы пікірталасқа қатысып, ғылыми-зерттеу институттарының әлеуетін нығайтуға қатысты ұсынысымды айттым.

1. Жоғарғы оқу орындарының шетелдік ғалымдар мен ғылыми орталықтармен байланысын күшейту жұмыстары өте қарқынды жүріп жатыр. Бұл қуантады. Ғылыми-зерттеу институттары жаңа ғылыми бағыттарды ашып, зерттеу жүргізуі үшін де шетелдік ғылыми орталықтардағы қысқамерзімді тағылымдаманың, сонымен бірге шетелдік ғалымдарды арнайы курстар өткізуге, тренингтер өткізуге Институтқа шақырудың маңызы зор болып тұр. Мысалы, біз Институтта психолингвистика бөлімін аштық. Бөлім мамандары осы салада өз зерттеулерін тыңнан бастап жүргізіп отыр деуге болады. Ал бұл бағытта біраз жетістікке жеткен шетелдік ғалымдарды ұжымға шақырып, немесе бөлім мамандарын қысқамерзімді тағлымдамаға жіберсе - біраз білім, білік, дағдымызды жетілдірер еді.  Осыған орай нақты тетіктер мен мақсатталған қаржы көздері ойластырылса жақсы болар еді. Ғылыми-зерттеу институттары өздері конкурстан ұтып алған бағдарламалық-нысаналық қаржыландыру және гранттық зерттеу жобалары бойынша ғана осындай мүмкіндікке бола алады, сондықтан олардың конкурстық құжаттамасында аталған мәселелер ескерілсе деген ұсыныс.

2. Қандай да бір күрделі мәселені шешетін мамандандырылған комиссияларды құруда сол мәселеге арналған монографиялардың, ҒЖБССҚК базасындағы журналдағы мақалалалардың, сонымен бірге скопус, Web of Science базасындағы журналдағы мақалалардың болуы немесе басқа да ғылыми басылымда ғылыми жарияланымы, мәселе бойынша зерттеумен айналысқанын растайтын ғылыми дәйекті еңбегі болуы сол мамандандырылған жұмыс тобы мүшесінің басты талабы ретінде қаралуы ұтымды болар еді. Олай болмаған жағдайда, салалық комиссия жұмысы бірден көздеген нәтижеге жете алмай қалуы әбден мүмкін.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ғылым #білім #зерттеу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде шахтерлер мен ойын-сауық орындарын бопсалаған қылмыстық топтар ұсталды

Бүгін 14:27

Қазақстандық теннисші Үндістандағы турнирде екі бірдей сында жартылай финалға шықты

Бүгін 14:16

Алматы Орталық Азиядағы басты тартымды бағыт ретіндегі орнын нығайтып келеді

Бүгін 11:53

Қазақстан әскерінде кадрлық ауыс-түйіс болды

Бүгін 11:48

"Өз архитектурасы жоқ ұлт – өз үйінде қонақ" - Елзат Мұқаш

Бүгін 11:24
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика