Адам құқықтарын қамтамасыз етудегі мемлекеттік органдардың рөліне ерекше назар аударылды, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталығының өкілі Ілияс Сансызбай Қаржы министрлігінің қызметкерлеріне «Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясындағы адам құқықтары» тақырыбында дәріс оқыды.
Дәріс барысында жаңа Конституцияның адам құқықтары мен бостандықтарына, олардың сақталу кепілдіктері мен қорғалу тетіктеріне қатысты негізгі ережелері таныстырылды. Адам құқықтарын қамтамасыз етудегі мемлекеттік органдардың рөліне ерекше назар аударылды.
Іс-шара соңында пікір алмасу ұйымдастырылып, оның барысында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың өзекті аспектілерін талқылауға мүмкіндік алды.
Мұндай іс-шаралар мемлекеттік қызметшілердің құқықтық сауаттылығын арттыруға және адам құқықтарын сақтау мәдениетін нығайтуға бағытталған.