AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыда коммуналдық қызмет алдағы жауын-шашынға б...

Алматыда коммуналдық қызмет алдағы жауын-шашынға байланысты дайындықты күшейтті

Алматы Бүгін 15:24 29
Алматыда коммуналдық қызмет алдағы жауын-шашынға байланысты дайындықты күшейтті
Алматы әкімдігі

Алматыда 27 қарашада ауа райының нашарлайды. Қаланың коммуналдық және шұғыл қызметі дер кезінде әрекет ету үшін арнайы техника мен жедел бригадаларды дайындады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Бұл туралы Алматы қаласы Коммуналдық инфрақұрылым және тұрғын үй инспекциясы басқармасының өкілдері айтты.

«Қазгидромет» болжамына сәйкес, 27 қарашада сағат 02:00-ден 19:00-ге дейін жауын-шашын болады. Оның жалпы мөлшері 13-16 мм болады, желдің екпіні секундына 13 метрге дейін жетуі мүмкін. Ауа температурасы түнде +3…+5 °С, күндіз +5…+7 °С болады.

Кейбір аумақтарды су басудың алдын алу және оның салдарын жою үшін 85 жедел бригада кезекшілікке қойылды. Олардың құрамында 1 579 жол қызметкерлері бар. Сондай-ақ 415 бірлік техника, 97 мотопомпа және 5 мыңға жуық құм салынған қап дайындалды.

Су жиналуы мүмкін жерлерге су сорғыш машиналар орналастырылып жатыр. Бұдан бөлек, техника тұрақтарында 200 құрама жол машинасы әзір тұр. Оның ішінде 185 құм шашатын және 15 JetBroom машинасы бар.

Коммуналдық қызметтен тәулігіне 3 250 жол саласы жұмысшысы мен 1 225 бірлік арнайы техника жұмысқа шығады. Жолдың жай-күйін бақылау және тазалау жұмыстарын үйлестіру үшін тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды.

Синоптиктердің болжамынша, 28 қарашаға қараған түні де жауын-шашын жалғасады. Күндіз ауа температурасы +6…+8 °С шамасында болады.

Алматы тұрғындары мен қонақтарына сапарын жоспарлау кезінде ауа райын ескеріп, жол мен жүргінші жолында сақ болу ұсынылады. Жүргізушілер қауіпсіз жылдамдықты таңдап, арақашықтықты сақтауы және жолдағы көріну деңгейінің нашарлауы мүмкін екенін ескергені жөн.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жауын-шашын
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда LEZ жобасы аясында 3,4 мыңнан астам автокөліктің зиянды шығарындылары белгіленген нормадан асқаны анықталды

Бүгін 14:42

Қазақстанда ЖРВИ мен тұмау боынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты

Бүгін 14:29

Қазақстандық ғалым ТМД елдері ботаникалық бақтары кеңесін басқарады

Бүгін 14:05

Алматыда «Салтанат» ансамблі 71-ші концерт маусымын ашты

Бүгін 13:30

Қазақстан мен Қытай бірлескен энергетикалық зерттеу орталығын құрады

Бүгін 13:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);