Құрбан айтта мал бағасы қалай өзгереді?

  • 14:00, 05 маусым 2025
Құрбан айтта мал бағасы қалай өзгереді? Жасанды интеллект

Құрбан айт қарсаңында елімізде мал саудасы қызып, нарықта бағалар өгереді. Осы орайда Maltabu.kz платформасына талдау жасап, айт мерекесіне дейін және кейін бағаның қалай құбылғанын саралап көрдік. 

Айт қарсаңында Наурызбай қажы Тағанұлы мал құнын қолдан көтермей, халыққа қолжетімді бағаға сатуға шақырған еді. 

"Құрбан айтта халыққа жақсылық жасап, көпшіліктің алғысын алайық. Бұл – сауапты әрі сағынышпен келетін мейрам", деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Алайда Айт алдындағы апта сұраныс қандай болды?

Maltabu.kz платформасында жарияланған сатылымдар бойынша, Құрбан айтқа дейінгі он күн ішінде қой, ешкі мен сиыр бағалары орта есеппен 15-20 пайызға дейін өскені байқалды.

  • Қой: мамырдың ортасында орташа бағасы 55 000 теңге болса, айт қарсаңында 65 000 теңгеге дейін жеткен;

  • Сиыр: маусым басында шамамен 350 000 теңге болса, мереке алдында 400 000 теңгеге дейін өскен.

Кейбір өңірлерде асыл тұқымды малдар мен ірі қошқарлардың бағасы 1,5 есеге дейін қымбаттаған.

Ал 5 маусымда мал бағасы өсіп кеткен. 

Бұл туралы Нұрлан имам не дейді? 

"Біріншіден, нарық ешкімге, ештеңеге тәуелді емес, ол нақты бір құрылған даму динамикасымен жүреді. Теңге тиыннан құралғандай, бағаның төмендеуі немесе шарықтауы күн сайын көз алдымызда жүріп жатыр, тек оны өзіміз байқамаймыз. Екіншіден, діни мерекелер кезеңінде нарықты қадағалау имам-молдалардың міндеті емес, оны қадағалайтын арнайы анти монополиялық қызметтер бар. Үшіншіден, құрбандық Құдайға жақындау, яғни қай амалымыз өтеді, мәселе сонда. Бойымызда ең жаман қырық қасиеттің бірнешеуі болса, мысалы, тәкаппарлық, мақтаншақтық, өтірік айту, жалған сөйлеу және тағы басқа, оған қойдың не кінәсі бар? Міне, нағыз құрбандық осы Құрбан айтта, яғни осы жамандарды құрбан ету –  Аллаға жағатын іс. Одан кейін біз неге сауапты тек ас беру, мал шалудан іздейміз. Жәннаттың есігін жақсы мінез ашатын болса, жақсы ниет, жақсы пейіл, жақсы қарым-қатынас жақсы мінезді қалыптастырады, яғни сауап нақ өзімізде, ішкі дүниемізде, тек жарыққа шығар дүние пейіл", - дейді ол. 

Құрбан айт кезінде құрбандық шалатын орындар:

Алматының жеті ауданында осыған орай үлкен мешіттерге жақын жерде құрбан шалатын 12 арнаулы орын ашылды. Қаланың бас имамы Төлеби Оспан мен Дін істері басқармасының бөлім басшысы Досхан Рахметілдаев  Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінде осылай деп хабарлады.  
 
6 маусымда таңғы сағат 06:00-де қаланың 56 мешітінде Айт намазы оқылады. Намаздан кейін бірден құрбандық шалу рәсімі басталады.

Алматыдағы құрбан шалу рұқсат етілген орындардың тізімі:
 
Алатау ауданы бойынша:
1. "Мырзахмет" мешіті. Қарасу ш/а, Солтүстік айналма жолы көшесі, 15.
2. "Әскер ата" мешіті. Айгерім-1 ш/а, Бенберин көшесі, 18/4.
3. "Алғабас" мешіті. Алғабас ш/а, Сайгүбе көшесі, 6.
 
Бостандық ауданы бойынша:
1. "Бақыткелді" мешіті. Хан-Тәңірі ш/а, Дулати көшесі, 27/11.
 
Медеу ауданы бойынша:
1. "Омар ибн әл-Хаттаб" мешіті. Жуков көшесі, 136 А.
2. "Аманқұл ата" мешіті. Т. Бигелдинов көшесі, 5.
3. "Фатима" мешіті. Ш. Жәнібек көшесі, 148.
4. "Райымбек батыр" мешіті. Думан-1 ш/а, Хан Тәңірі көшесі, 15.
5. "Арафат" мешіті. Ибрагимов көшесі, 5 А.
 
Наурызбай ауданы бойынша:
1. "Қалқаман-2" мешіті. Қалқаман-2 ш/а, Аспандияров көшесі, 84.
 
Түрксіб ауданы бойынша:
1. "Қайрат" мешіті. Қайрат ш/а, Сарымолдаев көшесі, 22.
 
Жетісу ауданы бойынша:
1. "Әл-Мәдина" мешіті. Федоров көшесі, 12.

Онлайн құрбан шалу жайлы нені білуіміз керек? 

Онлайн құрбан шалу үшін азаматтарға арнайы qurban.muftyat.kz сайты ашылған. Сайттан қаражатыңызға қарай ұсақ немесе ірі қара мал таңдап, банк арқылы төлем жасасаңыз жеткілікті. Қой мен ешкі — жеке адамға, ал сиыр мен түйені — бір адам немесе жеті адамның бірігуімен шалуға рұқсат.

Тапсырыс сәтті рәсімделген соң тапсырыс берушіге SMS хабарлама жіберіледі. Құрбан шалынған соң фото және бейнеесеп ұялы телефон нөміріне жолданады. Құрбандық еті түгелдей мұқтаж жандарға жеткізіледі. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:54

18:29

16:55

15:07

14:14

13:34

13:27

12:38

11:20

10:15

09:55

09:05

19:42

19:19

18:33

18:31

16:39

15:08

14:46

14:40

14:10

14:00

13:25

12:44

12:00