Қыштан құмыра жасау – адамзат тарихындағы ең алғашқы қолданбалы өнер түрлерінің бірі ғана емес, сонымен бірге бүгінгі күні психологиялық және денсаулыққа пайдалы терапиялық әдіс ретінде де кеңінен танылған шығармашылық процесс.
Адамзат тарихындағы алғашқы қыш құмыралар неолит кезеңінде пайда болғаны белгілі – Қазақстан территориясынан да осы дәуірге тиесілі қыш ыдыстар табылғаны археологиялық зерттеулерде айтылған. Алғашқы адамдар сазды пішіндеп, күн сәулесіне кептіріп, кейін отқа күйдіріп қыш ыдыстар жасаған. Бұл ыдыстарды тағам сақтау, су әкелу және сол сияқты тұрмыстық мақсаттарға қолданған.
Қышпен жұмыс істеу – бұл қазіргі психологиядағы арт-терапия әдістерінің бір бөлігі. Art therapy (өнер терапиясы) терминін алғаш 1942 жылы британ суретшісі Адриан Хилл енгізген, ал кейін өнер арқылы психологиялық емдеу идеясы дамыған.
Қыштан бұйым жасауды клиникалық және шығармашылық емдеуге қолдану ХХ ғасырдың ортасынан бері қарай тараған. Арт-терапияда сазбен жұмыс істеу адамның сезіміне, эмоцияларын реттеуге, өзін-өзі тануға мүмкіндік береді.
Қыштан бұйым жасау – бұл тек қолөнер емес, сонымен бірге көптеген артықшылықтарға ие терапиялық тәжірибе:
Психологиялық пайдасы
Эмоцияны білдіру: сөзбен жеткізу қиын сезімдерді қышпен жасап көрсету арқылы мүмкіндік береді.
Стресс пен мазасыздықты азайту, себебі құмыра жасағанда адам «сол сәтте» болады.
Өзін-өзі бағалауды арттыру: өз қолыңмен бір нәрсе жасау адамға жетістік сезімін сыйлайды.
Денсаулыққа пайдасы
Жоғары концентрация: процесс бойы зейіннің шоғырлануы миға тыныштық әкеледі.
Қол мен көздің үйлесімділігі мен моторика: сазды илеу мен пішіндеу қозғалмалы дағдыларды жақсартады.
Дене мен мидың байланысы: физикалық қозғалыс пен эмоциялық байланысты күшейтеді.
Қазақстандағы құмыра жасау және терапия практикасы
Қазіргі қоғамда құмыра жасау тек қолданбалы өнер ретінде ғана емес, кейбір шеберханаларда терапиялық бағытта да өткізіледі. Мысалы, кейбір шеберлер балалар мен ерекше қажеттілігі бар адамдармен жұмыс істей отырып, қол моторикасы мен психологиялық күйді жақсартуға назар аударады.
Алматы, Астана сияқты ірі қалаларда жеке студиялар мен шығармашылық орталықтарда құмыра жасау сабақтары, мастер-класстар бар, олар көбіне 1,5–2 сағаттық форматта ұйымдастырылады.

Алматыдағы кейбір студиялар мен мастер-класстардың биылғы бағасы:
Базалық мастер-класс (1,5 сағат)
5 500 – 6 000 теңге
Толық мастер-класс (күйдіру мен безендіруді үйрету)
8 500 – 9 000 т
Арнайы форматтар (жұптардың кездесуі немесе корпоратив түрінде)
10 000 – 35 000 т
Бір күндік іс-шаралар
7 000 т (онлайн билет)
Бағалар студияға, сабақтың ұзақтығына және қолданылатын материалдарға байланысты өзгеруі мүмкін.
Қыштан құмыра жасау – адамзаттың ежелгі дәстүрінен басталған бүгінгі таңда шығармашылықпен емдеу әдісі ретінде танылған процесс. Оның психологиялық, физикалық әсері бар. Қазақстанда бұл өнер түрі біреу үшін табыс көзі, кей адам үшін жаңа хобби мен терапиялық тәжірибе ретінде белгілі.