AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қ.Сәтбаевтың мерейтойына орай ауқымды іс-шаралар ө...

Қ.Сәтбаевтың мерейтойына орай ауқымды іс-шаралар өтеді

Әлеумет 04.01.2024, 13:38 1,800
Қ.Сәтбаевтың мерейтойына орай ауқымды іс-шаралар өтеді
Сурет: ашық дереккөз

Биыл ұлтымыздың ұлы перзенті, Қазақстандағы геология ғылымының негізін қалаушы, мемлекет және қоғам қайраткері Қаныш Сәтбаевтың туғанына 125 жыл толады.


Ол геолог қана емес, әдебиетші, тарихшы, этнограф, математик, педагог те болды. Қазақ жерінің байлығын бүкіл әлемге танытып, ғылымының дамуына даңғыл жол салып кетті, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.


Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Егемен Қазақстан» газетіндегі сұхбатында ел тарихында ерекше орны бар тұлғаларға құрмет көрсету дәстүрінің айрықша маңызға ие екендігі айтылған. Әйгілі ғалымның мерейтойына орай ел көлемінде ауқымды іс-шаралар жүзеге аспақ.


Жамбыл Артықбаев, тарих ғылымдарының докторы, профессор: - Қаныш Имантайұлы Сәтбаев – қазіргі қазақ ғылымының негізін қалаған, соның іргетасын мықтап бекітіп берген ұлы ғалымдарымыздың бірі. Әрине, ол алғашқы ғалым емес қазақ тарихындағы. Қаныш Имантайұлының шыққан ортасының өзі ғылыми орта болатын. Қаныш Имантайұлының бүкіл ғұмырын қазақ ғылымына арнауы – заңды құбылыс. Енді бүгінгі күні қазақ жастарына, қазақ азаматтарына үлгі болатын тұлға қандай десек, осы Қанекеңді айтуымыз керек. Ғылымның беделін, берекесін көтеру үшін бізге Қаныштың тұлғасы аса маңызды.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ғылым #ғалым #сәтбаев
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «Алатау» дәстүрлі өнер театрының 10 жылдығына арналған республикалық театр фестивалі өтеді

Бүгін 12:18

Алматыда 2027 жылы 1 қаңтардан бастап LEZ аймағында көмір сатуға тыйым салу жоспарланып отыр

Бүгін 12:12

Президент Жолдауы: Алматыда жайлы қалалық кеңістікке арналған модуль ұсынылды

Бүгін 12:03

Алматыда «Талдау мектебі. Алматы» жобасының қатысушыларымен кездесу өтті

Бүгін 11:47

Тегін курстан бастап жеке кәсіпке дейін: Алматыда 2 мыңнан астам жас жаңа мамандықты меңгерді

Бүгін 11:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);