AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Билік / ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-минист...

ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі тағайындалды

Билік 08.07.2021, 08:24 2,238
ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі тағайындалды
Сурет: Рrimeminister.kz

Жаңа вице-министрдің аты-жөні - Марат Кәрімжанұлы Қарабаев.



Бұл туралы мәлімдеген Рrimeminister.kz сайтының ақпараты бойынша, Марат Кәрімжанұлы Қарабаев бұған дейін ҚР ИИДМ Индустриялық даму комитетінің төрағасы болып жұмыс істеген, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 


ҚР Үкіметінің Қаулысымен Марат Кәрімжанұлы Қарабаев ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі қызметіне тағайындалды. 
Марат Қарабаев 1987 жылы Өзбекстан Республикасының Ташкент облысында туған. Ташкент автомобиль жолы институтын, Уорвик университетін (Ұлыбритания), М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін бітірген.


 
Еңбек жолын 2011 жылы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су шаруашылығы комитетінің су шаруашылығы ғимараттарының желілерін пайдалану және дамыту басқармасы сарапшысының м.а. ретінде бастады.  


 
2011 жылдан 2013 жыл аралығында  — ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Жаңа технологиялар және энергия үнемдеу департаменті сервистік индустрияны технологиялық дамыту басқармасының сарапшысы, бас сарапшысы.  



2014-2015 жылдары — Оңтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары м.а.   



2015-2017 жылдары — Оңтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму және туризм басқармасының басшысының орынбасары, басшысы.  



2018-2019 жылдары — ҚР Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің қорғаныс-өнеркәсіп кешенін дамыту департаментінде басшылық қызметтер атқарды.


 
2019 жылғы тамыздан 2020 жылғы шілде аралығында ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің қорғаныс-өнеркәсіп кешенін дамыту департаментінің директоры қызметін атқарды. 



2020 жылғы шілдеден 2021 жылғы қаңтарға дейін – ҚР ИИДМ Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы. 2021 жылғы қаңтардан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР ИИДМ Индустриялық даму комитетінің төрағасы болып жұмыс істеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#аэропорт #пассажир #коронавирус #справка #Қазақстан #вице-министр #индустрия #инфраструктура
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Олжас Бектенов: Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған ауқымды құрылыс бағдарламасы өнеркәсіп кооперациясын дамытуға елеулі серпін береді

Бүгін 22:30

Мемлекет басшысы AI & Digital Bridge – 2026 халықаралық форумында сөз сөйледі

Бүгін 21:01

Қазақстандық кәсіпорындардың инновациялық шешімдері «ИННОПРОМ. Беларусь» халықаралық өнеркәсіптік көрмесінде таныстырылды

Бүгін 21:01

Қасым-Жомарт Тоқаев БАӘ делегациясын қабылдады

Бүгін 20:15

Азия ойындарының жүлдегерлері мен қатысушылары Алматыға оралды

Бүгін 20:04
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);