Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / ҚР Денсаулық сақтау министрлігі темекі жарнамасын...

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі темекі жарнамасын бақылауға алады

Әлеумет 02.12.2021, 08:23 1,122
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі темекі жарнамасын бақылауға алады
Сурет: Rg.ru

Темекі жарнамасы бақыланады


ҚР Денсаулық сақтау министрлігі 2021-2025 жылдарға арналған «Дені сау ұлт» ұлттық жобасының аясында темекі жарнамасын бақылауға алуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 


Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі ҚазАқпарат жолдаған сауалға берген жауабында мәлім етті. «Ұлттық жобаның 4-бағытындағы «Салауатты өмір салтын ұстанатын халықтың үлесін арттыру және бұқаралық спортты дамыту» іс-шараларын жүзеге асыру үшін 1 млрд 561 млн теңге көлемінде қаражат қарастырылған», - деп жазылған жауапта. Айтуларынша, бұл қаражат мынадай 11 бағыт бойынша игерілмек:


1) Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының «STEPS» әдістемесі бойынша инфекциялық емес аурулардың тәуекел факторларының таралуын айқындайтын зерттеу жүргізу, тәуекел факторларының таралуын талдау және шаралар қабылдау;


2) Халықтың ұрпақты болу денсаулығы туралы ақпаратқа қол жеткізуін кеңейту;


3) «Салауатты қалалар, өңірлер» жобасын енгізу;


4) «Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін мектептер» жобасын енгізу;


5) «Салауатты университеттер» жобасын енгізу;


6) Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларға арналған «Саламатты мүсін», «Саламатты көру» бағдарламаларын әзірлеу және енгізу;


7) Алкоголь және есірткі бойынша еуропалық мектептік зерттеу жобасының әдіснамасы бойынша жастар арасында психобелсенді заттарды (ПБЗ) қолдану бойынша зерттеу жүргізу, кейіннен ПБЗ-ға тәуелді жастарды тарту тәуекелдерінің алдын алу және диагностикалау бағдарламаларын әзірлеу және енгізу;


8) Салауатты өмір салтының жаңа қағидаттарын ілгерілету үшін «Е-СӨС» электрондық платформасын құру;


9) Халықтың денсаулық мәселелері бойынша сауаттылығын арттыру, оның ішінде: БАҚ пен әлеуметтік желілерде салауатты өмір салтын насихаттау және денсаулықты қорғау жөніндегі тележобаларды іске асыру;


10) Іске асырылып жатқан іс-шараларды бағалау үшін 13-15 жастағы балалар мен ересектерге темекі өнімдерін тұтыну туралы Global Youth Tobacco Study және Global Adult Tobacco Study стардарты бойынша жаһандық сауалнама жүргізу;


11) Темекі өнімдерін тұтынуды қысқарту жөніндегі шаралар кешенін іске асыру.


Бұл бағыт бойынша қоғамда 100% түтінсіз ортаны енгізу, жарнаманы бақылау, қоғамдық орындарда темекі шегуге тыйым салу көзделген.


«Сонымен қатар, аталған іс-шараларды іске асыру үшін Салауатты өмір салтының профилактикасын дамытудың Жол картасы әзірленуде. Бұл өз кезегінде қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығының артуына, инфекциялық емес аурулардан сырқаттанушылықтың төмендеуіне, азаматтардың еңбекке қабілеттілігінің артуына және мүгедектіктің төмендеуіне ықпал етеді», - деп жазылған ведомствоның жауабында.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#жарнама #темекі #бақылау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Вьетнамда жоғалған қазақстандық қыз аман табылды

Бүгін 10:55

Алматыда ата-аналарға арналған педагогикалық консилиум өтті

Бүгін 10:46

Таразда автобуста жолаушы жүргізушіні пышақтаған

Бүгін 10:29

Михаил Шайдоров ISU сыйлығына ұсынылды

Бүгін 10:15

Иран үш елге шабуыл жасағаны туралы ақпаратты жоққа шығарды

Бүгін 10:00
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі