ҚР Бас санитар дәрігерінің ревакцинация туралы жаңа қаулысы шықты

ҚР Бас санитар дәрігерінің ревакцинация туралы жаңа қаулысы шықты Сурет: Inbusiness.kz

Қазақстан аумағында 3 айдан артық тұрып жатқан, вакцинацияның толық курсын алған шетелдіктер де ревакцинациядан өтуі керек.


ҚР Бас санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың ревакцинация мәселелерін айқындайтын жаңа қаулысы шықты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Жаңа қаулы бойынша, Қазақстан аумағында 3 айдан артық тұрып жатқан, вакцинацияның толық курсын алған шетелдіктер де ревакцинациядан өтуі керек. Олар да алғашқы вакцинаның толық компонентін алған күннен 6 ай өткенде қайта вакциналауға жатады.



«Қазақстанның аумағында 3 және одан да көп ай тұратын, КВИ-ге қарсы вакцинацияның бастапқы курсын толық аяқтап алған шетел азаматтарын қоса алғанда, барлық адамдар КВИ-ге қарсы ревакцинацияға жатады», - деп жазылған құжатта.



Сондай-ақ, бұрын коронавиурсқа қарсы вакцинацияның бастапқы курсын алған жүкті әйелдерді ревакциналау жүктіліктің 16-37 аптасы кезеңінде «Комирнати» (Pfizer, АҚШ) вакцинасын пайдалана отырып жүргізілетіні айтылған.



«КВИ-ге қарсы вакцинацияның бастапқы курсын толық алған КВИ-мен ауырып жазылған адамдарды КВИ-ге қарсы ревакциналау сауыққаннан кейін 6 айдан кейін жүргізіледі», - деп жазылған Бас санитар қаулысында.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

14:40

14:17

13:18

12:44

12:08

11:44

11:12

10:40

10:00

00:14

23:33

23:15

19:28

18:05

17:32

16:55

16:23

15:48

15:14

14:47

14:05

12:28

12:14

11:48

11:17