конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Коронавирус / ҚР Бас мемлекеттік санитария дәрігерінің жаңа қаул...

ҚР Бас мемлекеттік санитария дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды

Коронавирус 21.10.2021, 06:45 1,131
ҚР Бас мемлекеттік санитария дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды
Сурет: Zakon.kz

Жаңа қаулы: «Қызыл» аймақтағы нысандар демалыс күні жұмыс істейді


Құжатта жазылғандай, «Ashyq» жобасына қатысатын объектілер жұмыс және демалыс күндері «қызыл» және «қоныр қызыл» аймақтарда орналасқан өнірлерде сағат 00.00-ге дейін ашық болады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Ал жоба көшбасшылары үшін сағат 02.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат берілді.


«Сары» аймақта орналасқан облыстардағы нысандар сағат 01.00-ге дейін, жоба көшбасшылары сағат 03.00-ге дейін жұмыс істейді. «Жасыл» аймақта орналасқан өнірлерде сағат 03.00-ге дейін, «Ashyq» жобасының көшбасшылары үшін сағат 05.00-ге дейін жұмыс режимі белгіленді. Талап бойынша демалыс күндері қызметкерлер мен келушілерде «жасыл мәртебе» болуы тиіс. Десе де «жасыл мәртебе» болуына және жұмыс режимін шектеуге қойылатын талап облысаралық және облысішілік тұрақты тасымалға, қонақ үйлерге, әуежайларға, теміржол, автокөлік бекеттеріне, өзен және теңіз порттарына, автостанцияларға, жолаушыларға қызмет көрсету пункттеріне, білім беру объектілеріне, ЖОО-ға, колледждерге, интернаттарға, білім беру ұйымдарының жатақханаларына қолданылмайды», - делінген қаулыда.


Медициналық ұйымдарда, қарттар мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік объектілерде, балалар үйлерінде, әлеуметтік оңалту орталықтарында санитарлық-дезинфекциялық режим қатаң сақталуы тиіс.


Әлеуетті ата-аналар берілген күнінен бастап 3 тәуліктен аспайтын уақыт өткен, теріс нәтижесі бар ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексерілгені туралы құжатты немесе вакцинаның толық курсын алғанын растайтын құжатты ұсынған кезде жетім балаларды одан әрі асырап алу, қорғаншылықты, қамқоршылықты белгілеу үшін балалар үйлеріне бара алады.




Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қаулы #өзгерістер #Ашық #аймақтар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Павлодар облысында «Деректерді өңдеу орталықтары алқабы» жобасы жүзеге асырылмақ

Бүгін 09:03

Бір тәулікте Алматы қаласының аумағында 2 мыңнан астам жол ережесін бұзу дерегі тіркелді

Бүгін 08:32

Жошы ұлысы: ғылыми зерттеудің жаңа көкжиегі

Кеше 21:45

Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 2,9% құрады

Кеше 18:41

Алматының құрметті азаматы Асылы Осман II дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды

Кеше 18:02
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);