Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовтің айтуынша, екінші деңгейлі банктер бірыңғай QR-код жүйесіне қосылған соң, криптоәмияны бар азаматтар цифрлық активтерді күнделікті төлем үшін қолдана алады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
Бұл құрал қолданыстағы инфрақұрылым негізінде жұмыс істейді.
«Осы бағытта басқа да бірнеше банк қызу дайындық үстінде. Кейінірек олардың барлығы бірыңғай QR жүйесіне қосылады. Бұл жүйенің егжей-тегжейін келесі аптаның соңында арнайы таныстырамыз. Естеріңізде болса, біз 18 шілдеге дейін бірыңғай QR-кодты енгізуіміз керек. Бұл тек банктерге ғана емес, сонымен бірге төлем ұйымдары мен криптоәмияндарға да ортақ бірыңғай жүйе болмақ», — деді Тимур Сүлейменов.