Freedom
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / ҚҚС мөлшерлемесінің өсуі баспана бағасына әсер ете...

ҚҚС мөлшерлемесінің өсуі баспана бағасына әсер ете ме?

Әлеумет 18.02.2025, 10:26 962
ҚҚС мөлшерлемесінің өсуі баспана бағасына әсер ете ме?
aikyn.kz

Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің айтуынша, құрылыс секторында қосылған құн салығының (ҚҚС) орнына инфрақұрылымдық алым енгізу жоспарланып отыр, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Бұл өзгеріс бастапқыда құрылыс саласын ынталандыруды көздегенімен, оның нарықтағы ұзақмерзімді әсері қандай болмақ?

«Ең ықтимал нұсқа ретінде құрылыс компанияларынан алынатын инфрақұрылымдық алымды енгізуді қарастырып отырмыз. Оның мөлшері – әзірге шаршы метріне 40-60 доллар көлемінде. Инфрақұрылымдық жүктемеге байланысты өзгереді. Жаңа салық ойлап таппаймыз. Қазір бұл мәселелер талқыланып жатыр. Олар тұрғын үйдің санатына қарай реттеледі», деді С.Жұманғарин.

Ұлттық экономика министрінің айтуынша, құрылыс секторында ҚҚС мөлшерлемесі нөлге теңестіріледі немесе төмендетіледі. Қазіргі қолданыстағы Салық кодексіне сәйкес тұрғын үйлерді сату мен жалға беру ҚҚС-тан босатылған. Алайда жаңа кодекс жобасында бұл жеңілдік 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін ғана сақталмақ.

Осыдан кейін сатылатын және жалға берілетін барлық тұрғын үйлер ҚҚС-қа бағынуы мүмкін. Демек құрылыс компаниялары жаңа салықты пәтер бағасына енгізетін болса, баспана құны күрт өсуі ғажап емес.

Салық мамандары бұл өзгерістің халыққа ауыр соққы болатынын алға тартады. Себебі құрылысшылар өздерінің қаржылық жүктемесін тұтынушыға жүктейтіні анық. Осылайша, үй алуға ниетті азаматтар ҚҚС-ны қосымша шығын ретінде көтеруі кәдік. Бұл әсіресе, ипотекалық қарыз алушылар үшін қиындық тудырады, өйткені салықтың сомасы несие мөлшеріне тікелей әсер ететіні белгілі. Сол себепті, тұрғын үй бағасы өсіп, баспанаға мұқтаж жандардың жағдайы қиындай түсуі мүмкін.

Жақында өткен Президенттің кәсіпкерлермен кездесуінде «BI Group» басшысы Айдын Рақымбаев осы мәселені көтерді. Ол ҚҚС мөлшерлемесін тұрғын үй санатына қарай саралау қажет екенін айтты. Егер бұл өзгеріс қабылданса, арзан баспана қолжетімді болып қала береді, ал қымбат жылжымайтын мүлікке салынатын салық жоғарылайды. Үкімет мүшелері кәсіпкердің бұл ұсынысы ескерілетініне уәде берді.

Өткен жұмада Ұлттық экономика вице-министрі Арман Қасенов ҚҚС-ның тұрғын үй бағасына әсерін толық болжау мүмкін емес екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, құрылыс нарығындағы бағаның басты реттеушісі – теңге бағамы мен инфляция деңгейі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Премьер-министрдің орынбасары #Серік Жұманғарин #баспана
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Оқытудың жаңа стандарттары: Алматының бес мектебі халықаралық IB бакалавриатын енгізіп жатыр

Бүгін 21:43

Алматы әкімі Жетісу ауданындағы көріктендіру жобаларымен танысып, бизнестің қатысуын күшейтуді тапсырды

Бүгін 18:47

Алматыда қала орталығындағы жазғы дәмхана сүрілді

Бүгін 17:55

Тұтынушылық кредит алушылар азайған

Бүгін 17:37

2025 жылы 1757 ресейлік Қазақстан азаматтығын алған

Бүгін 17:10
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика