AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Алматыда ғалымдар ЖИ білім беру саласына және жаст...

Алматыда ғалымдар ЖИ білім беру саласына және жастардың болашағына әсерін талқылап жатыр

Білім және ғылым Бүгін 12:34 26
Алматыда ғалымдар ЖИ білім беру саласына және жастардың болашағына әсерін талқылап жатыр
Алматы әкімдігі

Конгресте жастар тәрбиесіне, мәдени мұраны сақтауға және «Адал азамат» тұжырымдамасының қағидаттарына ерекше көңіл бөлінді, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматыда қазақстандық және шетелдік ғалымдар, философтар, оқытушылар мен жас зерттеушілердің басын қосқан «Қазақстан қоғамының философиясы: құндылық бағдарлары мен даму мүмкіндіктері» атты IV Қазақстандық философиялық конгресс өтіп жатыр. Бұл туралы Алматы қаласы жастар саясаты басқармасының өкілдері хабарлады.

Конгресс қатысушыларының басты назарында ұлттық бірегейлік, рухани-адамгершілік құндылық, білім беру саласын дамыту және цифрлық технологияның қазіргі қоғамға әсері мәселелері тұр. Іс-шара бағдарламасы аясында пленарлық отырыстар, ғылыми пікірталастар, дөңгелек үстелдер мен студенттермен кездесулер ұйымдастырылған.

Конгресте жастар тәрбиесіне, мәдени мұраны сақтауға және Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған «Адал азамат» тұжырымдамасының қағидаттарына ерекше көңіл бөлінді.

«Бүгінде жастар орасан зор ақпарат ағынында өмір сүріп жатыр. Алайда олардың цифрлық дағдыларымен қатар сыни ойлау қабілетін, болып жатқан оқиғаларды талдай білу және өз бетінше шешім қабылдау дағдысын дамыту маңызды. Философия жас адамның өз іс-әрекетіне ой жүгіртуіне, қоғам алдындағы жауапкершілігін түсінуіне және өмірлік ұстанымдарын қалыптастыруына көмектеседі. Дәл осы қасиеттер «Адал азамат» қағидаттарының негізін құрайды», – деді Алматы қаласы жастар саясаты басқармасының басшысы Азиз Кажденбек.

Бағдарламаның жеке бір бөлігі жасанды интеллект мәселелеріне арналды. Ғалымдар оның білім алу тәсілдеріне ықпалын, жаңа технологияны қолдану барысында туындауы мүмкін қауіп-қатерлерді және цифрландыру жағдайында дербес ойлау қабілетін сақтаудың маңызын талқылады.

Конгресс аясында түркі және дала философиясы, ғылыми зерттеулер, сондай-ақ білім беру жүйесіндегі философиялық ойлау мәдениетіне арналған тақырыптық алаңдар да жұмыс істеп жатыр.

Азиз Кажденбектің айтуынша, мұндай зияткерлік алаңдарды тек ғылыми конференция шеңберінде ғана емес, одан тыс жерлерде де дамытып, студенттер мен жас мамандарды кеңінен тарту маңызды.

Конгресс 3–19 қараша аралығында Қазақстанның бірнеше қаласында өтеді. Алматыдан бөлек, іс-шаралар Астана, Қарағанды, Қостанай, Өскемен және басқа да қалаларда жоспарланған. Бағдарлама аясында философиялық эсселер байқауы, жас ғалымдармен кездесулер мен зияткерлік ойындар да қарастырылған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы ғалымдары Қазақстан Президентінің Жолдауында айқындалған басымдықтарды талқылады

Бүгін 12:49

Түркістан облысында полиция жасөспірімді ықтимал қауіптен құтқарып қалды

Бүгін 12:01

Алматыда «Жасыл ел» жобасының аясында 2 мыңнан астам жас жұмысқа орналасты

Бүгін 11:27

Алматы боксшылары Қазақстан чемпионатында үздік нәтиже көрсетті

Бүгін 10:59

Интернет-казиноларға 191 млрд теңге аударуға көмектескен топ сотқа жолданды

Бүгін 10:30
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);