AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Түркістан облысында полиция жасөспірімді ықтимал қ...

Түркістан облысында полиция жасөспірімді ықтимал қауіптен құтқарып қалды

Заң мен тəртіп Бүгін 12:01 57
Түркістан облысында полиция жасөспірімді ықтимал қауіптен құтқарып қалды
Polisia.kz

Оқиға полицейдің қызметтік көлігінің бейнетіркегішіне түсірілген, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Түркістан облысы Шардара қаласында полицейлер мопед басқарған жасөспірімді анықтап, оның өмірі мен қауіпсіздігіне төнуі мүмкін қатердің алдын алды. Оқиға полицейдің қызметтік көлігінің бейнетіркегішіне түсірілген.

Нақтырақ айтсақ, патрульдік полиция инспекторлары тіркелмеген мопедті байқап, жүргізушіге тоқтау туралы талап қойған. Алайда ол полицейлердің заңды талабына бағынбай, оқиға орнынан қашуға әрекеттенген. Тәртіп сақшылары уақыт жоғалтпай, жедел әрекет етті. Мопедтің қозғалыс бағытын бақылауға алып, тоқтатты. Осылайша құқық бұзушының әрі қарай қашуына жол берілмеді.

Тексеру барысында мопед тізгіндеген азаматтың кәмелетке толмаған жасөспірім екені, сондай-ақ оның көлік құралын басқаруға қажетті жүргізуші куәлігі жоқ екені анықталды.

Заң талаптарына сәйкес, көлікті басқару құқығы жоқ адамның оны басқарғаны және полиция қызметкерінің көлікті тоқтату туралы заңды талабын орындамағаны үшін тиісті әкімшілік шаралар қабылданды. Мопед арнайы айыптұрағына қойылды. Жасөспірімнің ата-анасына қатысты әкімшілік материал сотқа жолданды.

Полиция ата-аналардың кәмелетке толмаған балалардың көлікті заңсыз басқаруына жол бермеуі тиіс екендігін ескертеді. Мұндай жауапсыздық баланың ғана емес, өзге де жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен қауіпсіздігіне қатер төндіреді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы ғалымдары Қазақстан Президентінің Жолдауында айқындалған басымдықтарды талқылады

Бүгін 12:49

Алматыда ғалымдар ЖИ білім беру саласына және жастардың болашағына әсерін талқылап жатыр

Бүгін 12:34

Алматыда «Жасыл ел» жобасының аясында 2 мыңнан астам жас жұмысқа орналасты

Бүгін 11:27

Алматы боксшылары Қазақстан чемпионатында үздік нәтиже көрсетті

Бүгін 10:59

Интернет-казиноларға 191 млрд теңге аударуға көмектескен топ сотқа жолданды

Бүгін 10:30
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);