AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қостанай облысының 4365 педагогі кітап оқу марафон...

Қостанай облысының 4365 педагогі кітап оқу марафонында 15 кітаптан оқыды

Әлеумет Бүгін 18:14 36
Қостанай облысының 4365 педагогі кітап оқу марафонында 15 кітаптан оқыды
Сурет: ұйымдастырушылар

Қостанай облысындағы 15 кітаптан оқыған 4,3 мыңнан астам педагог «Кітап оқитын педагог» байқауының бірінші (мектеп ішілік) іріктеу кезеңінен онлайн-тест тапсырды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Байқау 2026 жылғы 17 наурызда өтті және өңірде кітап оқу мәдениетін дамытуға бағытталған ауқымды бастаманың маңызды қадамы болды.

«Кітап оқитын ұлт» жобасы 2025 жылдың қыркүйегінен бастап бірнеше өңірде, соның ішінде Қостанай облысында пилоттық режимде іске қосылған. Жоба Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың кітап оқитын ұлтты қалыптастыру бастамасы аясында жүзеге асырылуда. Мақсаты – халықтың барлық топтары арасында тұрақты кітап оқу әдетін қалыптастыру, сыни ойлауды дамыту және кітапты білімнің негізгі көзі ретінде насихаттау.

«Кітап оқитын педагог» бағыты мектеп және колледж мұғалімдеріне арналған. Қатысушылар қазақ, орыс және шетел әдебиетінен ұсынылған 15 шығарма бойынша тест тапсырды. Байқау екі лигада – қазақ және орыс тілдерінде өткізілді.

Қостанай облысында іріктеу кезеңіне облыстың барлық 20 ауданы мен қаласынан 4365 педагог қатысты. Оның ішінде 1549-ы қазақ лигасында, 2816-сы орыс лигасында. Онлайн-тест педагогтарға өз білімдерін терең көрсетуге мүмкіндік берді.

Кезең жеңімпаздары диплом, сертификат алды және аудандық, облыстық байқауларға қатысуға жолдама иеленді. Олардың қатарында Жітіқара политехникалық колледжінің арнайы пәндер оқытушысы Фариза Ерсаиновна Токкабулова бар:

«Кітап оқитын ұлт» жобасына қатысу мен үшін шығармашылық жаңалық болды. Бұл қазіргі заманда кітап оқудың рөлін жаңаша түсінуге, қабілетімді ашуға және әріптестерімді шабыттандыруға мүмкіндік берді. Диплом алу – мен үшін зор құрмет әрі алға басуға үлкен ынталандыру. Ұйымдастырушыларға кітап оқу мәдениетін насихаттауға бағытталған осындай маңызды бастама үшін алғыс айтамын».

Қостанай қаласының №31 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Садуақасова Ляззат Темірханқызы:

«Осындай байқауға қатысу мен үшін үлкен тәжірибе және шынайы шабыт болды. Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі ретінде кітаптың жас ұрпақ тәрбиесіндегі ерекше рөлін жақсы түсінемін. Бұл жоба маған өз білімімді тереңдетумен қатар, оқушыларда кітап оқуға деген қызығушылықты арттырудың жаңа әдістерін үйренуге мүмкіндік берді. Әр кезең өзімді сынап, кәсіби тұрғыда өсуге жол ашты. Ең маңыздысы – жоба ұстаздарды ортақ құндылық төңірегінде біріктірді және кітап арқылы рухани байытуға ықпал етті. Кітап оқитын педагог – кітап оқитын ұлттың негізі екеніне сенемін. Осындай игі бастамалардың жалғаса беруін қалаймын.»

Байқаудың келесі кезеңдері (аудандық және облыстық) 2026 жылдың сәуір айында өтеді. Қорытындысы бойынша өңірдің үздік кітап оқитын педагогтары анықталады.

Жобаны «Amanat» партиясының қолдауымен «Кітап оқитын ұлт – Читающая нация» қоғамдық қоры және Қостанай облысы әкімдігі жүзеге асыруда. Өңірлік демеуші – «Олжа Агро» ЖШС агрохолдингі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#кітап оқу #педагогтер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ЖАҢАРУ МЕН ЖЫЛУЛЫҚ ЖАРШЫСЫ: ҰЛТТЫҚ ҰЛАНДА «НАУРЫЗНАМА» ОНКҮНДІГІ ЖАЛҒАСЫН ТАПТЫ

Бүгін 19:25

Алматыда Ұлттық киім күніне орай сән көрсетілімдері өтті

Бүгін 18:04

Қаламгер рухына құрмет

Бүгін 17:55

ЖИ‑контент әлемде құқықтық реттеуге көшті: Қазақстанда да жауапкершілік енгізілуде

Бүгін 17:53

Қазақстанда ЖИ-контент заңмен реттеледі: алғашқы жауапкершілік ісі тіркелді

Бүгін 17:47
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика