Freedom
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қорғаныс министрі әскери бөлімдердің командирлерім...

Қорғаныс министрі әскери бөлімдердің командирлерімен кеңес өткізді

Әлеумет 27.02.2023, 14:00 1,102
Қорғаныс министрі әскери бөлімдердің командирлерімен кеңес өткізді
Сурет: Министрлік

Тактикалық сабақта шартты жағдай жайлы мәлімет берді


Аталмыш шара Құрлық әскерлері бас қолбасшысының басқармасы ұйымдастырған жиын аясында жалпы әскери, артиллериялық бригадалар мен барлау (тау қорықшылары) полктерінің командирлеріне арнайы өткізілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Қорғаныс ведомствосының басшысы, генерал-полковник Руслан Жақсылықов сеніп тапсырылған әскери бөлімдердегі істердің жай-күйі туралы командирлердің баяндамаларын тыңдап, әскерлердің жауынгерлік әзірлігі мен жауынгерлік қабілетін одан әрі арттыруға бағытталған бірқатар міндеттер жүктеді. Ол әскерлердегі тактикалық, тактикалық-арнайы және атыс дайындығы мен тәртіптің тиімділігі көбінесе командирлердің құзыреттілігіне, ұйымдастырушылық қабілеттеріне және олардың лауазымдық міндеттеріне жауапкершілікпен қарауына байланысты екенін атап өтті.


Жиын бағдарламасы дәрістер мен практикалық сабақтарды, тренингтер мен тестілеуді қамтыды. Тактикалық сабақта шартты жағдай жайлы мәлімет берді. Командирлер оны бағалап, күштерді, құралдарды бөлу, қозғалыс жолдарын анықтау және уақытты есептеу арқылы жауынгерлік тапсырманы орындау туралы шешім қабылдады. Сабақтар тактикалық жағдайдағы барлық іс-қимыл нұсқаларын егжей-тегжейлі пысықтай отырып, жоғары қарқынмен орындалды.



– Көптеген тәжірибелік сабақтар жиын өткізудің пайдалы екенін көрсетіп отыр. Мұндай сәтті жинақталған білім қызметтік-жауынгерлік міндеттерді орындау барысында бағынысты бөлімшелер мен жеке құрамды басқаруға көмектеседі, – деп жиынның маңызды екенін атап өтті 06708 әскери бөлімінің командирі, подполковник Жасұлан Әбеков.



Бригадалар мен полк командирлері заңнама нормаларын, тактикалық нормативтерді, жалпы әскери штабтар қызметі жөніндегі нұсқаулықтың ережелерін білуге тестілеуден өтті. Мұндай жиын командалық құрамның кәсіби деңгейін арттыруға, бөлімшелердің күнделікті тыныс-тіршілігін және жауынгерлік даярлық іс-шараларын ұйымдастырудағы біліктілігін тексеруге бағытталған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қорғаныс министрі #Кеңес #офицер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда су басу қаупінің алдын алу үшін қызметтер тәулік бойы кезекшілікке көшірілді

Кеше 22:35

Алматыда «Қаладағы заң» атты жастар квесті басталды

Кеше 20:45

Бокстан Бразилиядағы әлем кубогына шолу

Кеше 18:48

200 қазақстандық оқушы Хьюстондағы робототехникадан әлем чемпионатына қатысады

Кеше 18:41

Екі қазақстандық спортшы Азия чемпионатының жартылай финалына шықты

Кеше 18:35
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика