AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / «Қонақжайлылық индустриясы» құзыреттілік орталығы...

«Қонақжайлылық индустриясы» құзыреттілік орталығы жұмыс істейді

Әлеумет 21.01.2025, 10:55 858 Нұрдәулет ЖАБЫҚБАЕВ, КМҚК Туризм және қонақжайлылық индустриясы колледжінің директоры
«Қонақжайлылық индустриясы»  құзыреттілік орталығы жұмыс істейді
almaty-akshamy.kz

«Жас маман» жобасы

 

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялап, кәсіптік білім беруді реформалаудың, қажырлы еңбек пен кәсіпқойлық идеясын насихаттаудың маңыздылығы туралы айтты.

Біздің Туризм және қонақжайлылық индустриясы колледжінің негізгі міндеті – жұмыс берушілерге, қоғамға және мемлекетке қажетті мамандықтар мен кәсіптер бойынша, еңбек нарығының талаптарына сай білікті мамандар даярлау.

Туризм мен қонақжайлылық индустриясының үдемелі дамуы – қазіргі заманның ең жарқын құбылыстарының бірі. Қызмет көрсету саласы ұлттық бюджетке қосқан үлесі жағынан да, онда жұмыспен қамтылғандар саны жағынан да басымдыққа ие болып отыр. Қазіргі экономикадағы қызмет көрсету саласының маңызы үнемі артып келеді, бұл қонақүй кәсіпорындарын басқарудың жаңа тәсілдерін әзірлеуге және осы ұйымдар қызметкерлерінің кәсіби деңгейін арттыруға байланысты көптеген мақсат-міндеттердің туындауына алып келеді. Студенттердің кәсіби ортаға интеграциялануы маңызды.

Бұл ретте әлеуметтік серіктестермен Алматы қаласының жетекші кәсіпорындарында кәсіби тәжірибеден өту туралы 300-ден астам келісім-шарттардың жасалуы түлектеріміздің кәсіби  біліктілігін арттыруға ықпал етеді. Осы орайда, мамандар даярлауда Қазақстандық қонақүйлер мен мейрамханалар қауымдастығы (ҚҚжМҚ), Қазақстанның туристік қауымдастығы (ҚТА), Қазақстан тағам кәсіпорындарының одағы, «Құмбел мәдени-әлеуметтік және білім беруді дамытудың Қазақстандық қоры» БҚБ, тағы басқа да әлеуметтік серіктестіктеріміздің рөлін атап өткім келеді және олармен ықпалдастықтың  арқасында колледж өмірі жандана бастады.

2022 жылдан бастап колледжде «Жас маман» жобасы аясында ашылған «Қонақжайлылық индустриясы» құзыреттілік орталығы жұмыс істейді. Орталық кәсіби құзыреттіліктерді, жаңа технологиялық шешімдерді және заманауи кәсіби дағдыларды дамытуға ықпал етеді. Сонымен қатар, орталықтың базасында кәсіби байқаулар мен халықаралық чемпионаттарға дайындалу үшін оқу-жаттығу лагерьлері жұмыс жасауда.

Колледждің оқу-тәжірибелік шеберханалары табысты жұмыспен қамтылуға ықпал ететін кәсіби дағдылар мен қабілеттерді тәжірибеде қолдануға мүмкіндік беретін заманауи инновациялық жабдықтармен жабдықталған.

Кәсіптік-техникалық білім беру жүйесін трансформациялау және Жұмысшы мамандықтар жылын өткізу аясында колледжде жұмысшы мамандықтарының беделін, кадрлар даярлау сапасын арттыруға, жұмыс берушілермен өзара қарым-қатынас жасауды кеңейтуге ықпал ететін іс-шаралар жоспарланған. 

Заманауи постиндустриалды қоғам оқу орнының бәсекеге қабілетті түлегін дайындауға жаңа талаптар қояды. Қонақжайлылық индустриясы түрлі пәндер бойынша өзекті теориялық және практикалық біліммен қаруланған және бизнесті жүргізуді жақсы меңгерген жас мамандарды қажет етеді.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жастар #білім #мамандық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Орталық Азияның жаһандық геосаясаттағы рөліне арналған халықаралық дөңгелек үстел өтті

Бүгін 17:37

Алматы тұрғындары құрамында сынабы бар 480-ден астам шам мен құрылғыларды қайта өңдеуге тапсырды

Бүгін 15:51

«Ұлттық ұлан – патриотизм мен батылдық мектебі»: 5571 әскери бөлімінде ашық есік күні өтті

Бүгін 14:44

Мемлекет басшысы Олжас Сүлейменовті құттықтады

Бүгін 14:03

Алматыда Олжас Сүлейменовтің 90 жас мерейтойы аталып өтті

Бүгін 13:47
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);