AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қонаев қаласының тұрғындары жылуға жарымай отыр

Қонаев қаласының тұрғындары жылуға жарымай отыр

Әлеумет 02.02.2023, 15:00 1,289
Қонаев қаласының тұрғындары жылуға жарымай отыр
Сурет: Ашық дереккөз

Жылу орталығының директоры «мәселені мекеме емес, тұрғындардың өзі шешуі керек» деген жауап айтты.


«Жылу берілсе де, үйдің іші азынап тұрады». Осылай деген Қонаев қаласының тұрғындары жылуға жарымай отыр. Уәжін айтқан жұрттың сөзіне сенсек, мәселе бірнеше рет көтерілсе де, шешімін таппаған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv-ге сілтеме жасап.


Валентина Ходенко Қонаев қаласында 20 жылдан бері тұрады. Оның айтуынша, пәтердегі ауа температурасы 18 градустан аспайды.



«Облыс орталығы атанып, мәселе шешіледі деп ойладық. Іс жүзінде олай болмады. Әкімдікке талай бардық. Олар құрғақ уәде беріп, шығарып салады. Ештеңе өзгермеді», – дейді Қонаев қаласының тұрғыны Валентина Ходенко.



Бүрсең қағып отырған өзге тұрғындардың айтуынша, жылу жүйесіндегі ақау салдарынан пәтер азынап тұрады. Өйткені, ыстық су келіп тұрса да, үйдегі батареялар суық. Ал жылу орталығының директоры «мәселені мекеме емес, тұрғындардың өзі шешуі керек» деген жауап айтты.



«Бұл – бетоннан салынған үйлер. Терезесін ауыстыру керек. Есікті қаптау керек. Соның бәрін қамтамасыз ететін үйдің иесі. Жылу орталығынан санитарлық нормаға сай жылу беріліп отыр. Біз 80-85 градусқа дейін жылу беруге мүмкіндігіміз бар. Бірақ нормадан асырсақ, олардың құбыры жарылып кетеді», – деді Қонаев қаласы жылу орталығының директоры Сейдахмет Дадамбеков.



Орталық директоры «тұрғын үйлердегі құбырларды да тазалау керек» дейді. Сөзіне сенсек, бұл жұмыстарды пәтер иелері кооперативі бақылауға алуы тиіс.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қонаев #жылу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда 55 мыңнан астам адам қатысқан ауқымды сенбілік өтті

Бүгін 15:50

Алматыда БАҚ өкілдері футболдан бақ сынады

Бүгін 15:12

Бұтақты шатқалында 700-ден астам адам бас қосты

Бүгін 14:09

Алматыда тротуарлар арнайы тазартқыш құралдармен жуылып жатыр

Бүгін 14:04

Президент Тоқаев «Таза Қазақстан» акциясына қатысып, жастардың еңбегін ерекше атап өтті

Бүгін 14:02
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика