Қонаев қаласы Шар фестивалінің ауқымы мен дайындығы жағынан Каппадокиядан қалыс қалмайды!

Қонаев қаласы Шар фестивалінің ауқымы мен дайындығы жағынан Каппадокиядан қалыс қалмайды! Сурет: Almaty-akshamy.kz

Қазақстанда алғаш рет 2023 жылдың 22-23 шілдесінде Қонаев қаласында «Мың бояулы аспан» әуе шарлары фестивалі өтуде.


Алматы облысының туризм индустриясы - орналастыру, кіру және ішкі туризм бойынша республикада алдыңғы қатарда.
Елімізде алғаш рет әлемнің түкпір-түкпірінен 30 шар аспанға көтеріліп, барлығын жарқын әсерлерімен қуантты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



Халықаралық шарлар фестивалін ұйымдастырушылардың басты мақсаты – қалдықтарды бөлек жинау, қайта өңдеу, экологиялық таза қайта өңдеуге болатын ыдыс-аяқтар мен басқа да экоматериалдарды пайдалану арқылы табиғатқа және оның ресурстарына құрметпен қарауды насихаттау.


Фестивальде Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев құттықтау сөз сөйледі.



– «Облыста туризмді ілгерілету және дамыту оқиғалы (событийный) туризміне негізделген. Осыған орай, бүгінгі «Konayev international balloon fest» шар фестивалінің іс-шарасы біздің өңіріміздегі айтулы оқиға болмақ, бұл біздің қонақтарымыз үшін табиғаттың сұлулығын тамашалауға тамаша мүмкіндік болып табылады және сіз мұнда бір-біріңізбен танысуға, достық қарым-қатынас орнатуға және ұмытылмас әсер алуға уақыт табасыз. Бүгін таңғы сағат 5-тен бастап фестивальге жиналған көрермендер осындай сұлулықты тамашалауға шабыттанды, тіпті сағат 7-ге таман шарлармен биіктікке шығуға ниет білдіргендердің үлкен кезегі пайда болды. Яғни, осы арқылы біз оқиғалы туризмнің жұмыс істей бастағанын көрсетеміз.
    Біз бұл шараға 6 ай бойы дайындалдық, талдай келе, Қазақстанда шарларға арналған іс-шаралар болмағанын көрдік. Әлеуметтік желі қолданушылары түсініктемелерде Қонаев тұрғанда Каппадокияға барудың қажеті жоқ деп жазып жатыр»- деді өз сөзінде аймақ басшысы.



Сондай-ақ, Өңірдің туристік әлеуетін өңірде кеңінен насихаттау мақсатында «Тенгри ультра» халықаралық Ұлы дала марафоны, халықаралық Іле-Балқаш регатасы өткізілді, «BBC News» халықаралық телеарнасында (450 миллион аудитория) өңірдің әсем де бай табиғаты туралы жарнамалық науқан басталғанын атап өтеміз.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:30

19:53

19:18

19:03

18:47

18:01

17:53

17:12

17:05

16:42

16:32

16:05

16:01

15:54

15:47

15:37

15:27

15:09

15:05

14:05

12:51

12:29

11:39

11:08

11:02