AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / "Қолымды сындырды": ресейлік боксшы Геннадий Голов...

"Қолымды сындырды": ресейлік боксшы Геннадий Головкинге қатысты тосын жайт айтты

Спорт 09.02.2026, 12:33 321 Сұлу
"Қолымды сындырды": ресейлік боксшы Геннадий Головкинге қатысты тосын жайт айтты
Фото: ҰОК

Ресейлік боксшы, Олимпиада чемпионы Гайдарбек Гайдарбеков 2004 жылы Грекияның Афина қаласында өткен Олимпиада ойындарының финалында қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен өткізген жекпе-жегін еске алды, - деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі Sportinside.kz-ке сілтеме жасап. 

Гайдарбековтің айтуынша, финалдық айқасқа ол өте байыппен әрі сенімді күйде шыққан.

"Финалда Головкинге қарсы ерекше дайындықпен шықтым. Өзім де қайдан келгенін білмеймін, бірақ бойымда бір тыныштық болды. Екінші орын алуым мүмкін деген ой мүлде болмады. Бұл мені одан сайын жігерлендірді. Алғашқы екі раундты сабырмен өткіздім. Жаттықтырушым алдыңғы қолмен жұмыс істеуді, асықпауды тапсырды. Барлығын айтқанындай орындадым. Екінші раундтан кейін оның шаршай бастағанын байқадым. Ол клинчке жиі кіріп, көп ұстай бастады", – дейді ол.

Боксшы үшінші раундта қарсыласының алдыңғы қолы төмен түскен сәтті аңғарып, дәл соққылар жасай бастағанын айтады.

"Сол сәтті пайдаланып, бірнеше рет дөп тигіздім. Үшінші раундта тіпті оң қолымды сындырып алдым. Қолыммен соққы жасап, маңдайына дәл тиді. Жекпе-жектің аяқталуына он секундтай қалғанда қолым сынғанын анық сездім, көзімнен ұшқын шыққандай болды. Бірақ алда соңғы раунд бар еді. Ол кезде төрт раунд бокстасатынбыз, әрқайсысы екі минуттан. Соңғы Олимпиадам, соңғы раунд екенін түсініп, барымды салдым. Аямай соққы жасай бердім", – деп еске алады Гайдарбеков.

Оның сөзінше, жекпе-жек физикалық тұрғыдан ғана емес, психологиялық жағынан да өте ауыр болған. Соған қарамастан, ол рингтегі жағдайды толық бақылауда ұстай алған.

Еске салайық, Геннадий Головкин әуесқой бокста 2004 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, сондай-ақ 2003 жылы Бангкокта өткен әлем чемпионатының алтын жүлдегері атанған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Геннадий Головкин #спорт #бокс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Жеңіс күніне арналған велошеру өтті

Бүгін 18:12

ІІМ табиғи және тарихи нысандарды бүлдіруге қатысты ескерту жасады

Бүгін 17:19

Бүгін Қазақстанда негізгі ҰБТ басталды

Бүгін 16:57

Атырауда Қарабалиндер отбасының өлімі: күдікті кінәсін мойындады

Бүгін 14:36

Алматы Gault&Millau-мен бірге өңірдің жаңа гастрономиялық астанасына айналып келеді

Бүгін 12:36
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);