AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қолды болмаған не қалды?

Қолды болмаған не қалды?

Әлеумет 29.06.2023, 08:16 867
Қолды болмаған не қалды?
almaty-akshamy.kz

Депутат қолды болған балабақша ғимараттарын түгендеуді ұсынды


Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров «Amanat» атынан сайланған мәслихат депутаттарының республикалық форумында кезінде қолды болған балабақша ғимараттарын түгендеуді ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.



«Мәжілістегі «Amanat» фракциясының депутаттары «Заңсыз иеленген капиталды қайтару» жөнінде заңды қабылдағанын білесіздер. Бұл біздің ата-баба, әке-шешеміздің барша ұрпағына қалдырған игіліктерін алдап-арбап, әртүрлі құйтырқы әрекеттермен халқымыздың аузынан жырып алған байлықты мемлекетке қайтарудың нақты қадамы. Ат төбеліндей топ «өзімшілдіктен өзегі өртеніп», шет елге миллиардтаған долларды шығарып әкеткен.Ашығын айтқанда, өз ұлтының, өз халқының қазына–байлығын аяусыз ұрлаған! Ал енді, кейінгі отыз жыл ішінде тек қана ірі зауыт, фабрика, өнеркәсіп нысандары ғана қолды болды ма? Әрине, жоқ», - деді Ерлан Саиров.



Оның сөзінше, аймақтық деңгейде балабақша, мәдениет ошақтары, жергілікті электр желі магистральдары да қолды болып кеткен.



«Жергілікті жерде адамдар сол нақты балабақша мен мәдениет ошағының, мектеп оқушыларының жазғы демалыс орындарын ел игілігіне жұмыс істегенін көргісі келеді. Осы мәселе бойынша біздің партия мүшелері барлық деңгейде жұмыс істегені жөн тәрізді. Еліміз бойынша қанша балабақшаның қолды болғаны жөнінде ревизия жасап, оларды мемлекетке қайтарудың жолын қарастырған жөн.Қолды болған оқушылардың жазғы демалыс орындарын да мемлекетке қайтару қажет. Біз қолды болған қаражатты елге қайтару жұмысын аяғына дейін жеткізуіміз керек», - деді депутат.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#депутат #балабақша #ғимараттар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

29 сәуірде дауылды ескерту жарияланды

Бүгін 08:47

Қорғаныс министрі «Вечерний Алматы» газетін мерейтойымен құттықтады

Кеше 23:05

Алматыда Розыбакиев көшесінің бір бөлігінде қозғалыс уақытша шектеледі

Кеше 20:17

«Логотип әзірлеу және оны презентациялау» байқауы: шығармашылық пен кәсібиліктің тоғысуы

Кеше 19:13

«Вечерний Алматы» газетінің жарық көргеніне 90 жыл толды

Кеше 18:27
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика