AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қоғамдық тамақтану кәсіпорындары қантпен қамтылады

Қоғамдық тамақтану кәсіпорындары қантпен қамтылады

Әлеумет 28.07.2022, 11:47 1,275
Қоғамдық тамақтану кәсіпорындары қантпен қамтылады
Сурет: Almaty.tv

Бұдан бұрын қанттың қымбаттығынан кәсіпкерлердің банкротқа ұшырауы мүмкін екенін хабарлағанбыз.


Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларына қосымша қант жөнелтіледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Ауыл шаруашылығы министрлігінде Сауда және интеграция министрлігі, елорда әкімдігі және Қоғамдық тамақтану қауымдастығы өкілдерінің қатысуымен бизнес субъектілерін қанттың қажетті көлемімен қамтамасыз ету мәселелері бойынша кездесу өтті.


Бұған дейін Қоғамдық тамақтану қауымдастығы қантпен қамтамасыз етудегі қиындықтарға байланысты кәсіпорындар банкротқа ұшырауы мүмкін екенін мәлімдеген болатын.



«Талқылау қорытындысы бойынша, шағын және орта бизнесті қосымша қолдау және қоғамдық тамақтану объектілерінің индустриялық қант қажеттілігін толық қамтамасыз ету туралы шешім қабылданды», - деп жазды Рrimeminister.kz сайты.



Бүгін қоғамдық тамақтану объектілеріне қажет қанттың көлемі айқындалады.


Бірінші кезеңде халық саны неғұрлым көп үш өңірге мың тоннадан астам қант жеткізіледі.



«Ауыл шаруашылығы министрлігі қанттың қосымша көлемін Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларына жөнелтеді. Осы қалалардағы шағын бизнес өкілдері қанттың қажетті көлемін ала алады. Сондай-ақ Қауымдастық басқа қалалар бойынша тізім жасап, қажетті қант көлемін есептейді. Бұл орайда Қауымдастық пен әкімдіктер аталған қантты беру алгоритмін әзірлейді», - деді Ауыл шаруашылығы вице-министрі Жеңіс Өсербай.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#қант #тамақтану #АШМ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алатау қаласында алғашқы зәулім ғимараттың құрылысы басталды

Бүгін 18:15

Күзде қандай көкөніс пен жеміс жеген дұрыс?

Бүгін 15:10

Риновирус – суық тиюдің ең жиі кездесетін себептерінің бірі

Бүгін 14:10

Republic Day және Bereke Fest акциялары аясында қанша үнемдеуге болады?

Бүгін 12:32

Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді

Бүгін 12:26
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);