Шолпан БОСТАНҚЫЗЫ, қоғам қайраткері, заңгер:
Конституциялық реформалар бойынша комиссияның кезекті отырысы басталды. Бұл үдерісті қоғам болып бірлесе зерттеп, зерделеуіміз қажет деп есептеймін. Себебі аталған реформалар қазіргі қоғамдағы құқықтық сананы қалыптастыруға, үкімет жұмысының тиімділігін арттыруға және мемлекеттің даму жолындағы қызметтеріне айтарлықтай оң ықпал етеді.
Конституциялық реформалар дегеніміз – болашақта еліміздің Ата заңына бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы қоғам мен мемлекет үшін түбегейлі оң жаңалықтарды жүзеге асыру. Бұл өзгерістер мемлекеттік мекемелердің қызметіне де, жалпы барлық салалардағы конституциялық-құқықтық қатынастарды реттеуге бағытталады. Сондықтан оның бүгінгі күннің өзінде маңызы өте жоғары.
Үшіншіден, бұл реформалардың дәл қазіргі кезеңде қолға алынуы да кездейсоқ емес. Қазіргі уақыт пен қоғамдық даму сатысы көптеген өзгерістерді талап етеді, ал олардың бір бөлігі тек конституциялық деңгейде ғана шешілуі мүмкін. Бұл өз кезегінде азаматтық-құқықтық қатынастарды реттеуге де оң әсерін тигізеді. Әкімшілік, азаматтық немесе өзге де кез келген салада конституциялық реформалар міндетті түрде қарастырылуы тиіс.
Төртіншіден, реформалар қоғамдағы әрбір азаматтың құқықтары мен міндеттерін, жауапкершілігін арттыруға бағытталған. Әрбір азамат өз құқығын ғана емес, өз міндеті мен жауапкершілігін де білуге тиіс деп есептеймін.
Осыған байланысты шетелдік саяси ұйымдар тарапынан партияларды қаржыландыруға тыйым салу туралы ұсыныс өте орынды деп ойлаймын. Сонымен қатар, саяси партиялардың қаржыландырылуын қатаң бақылау мен қадағалауға алу да дұрыс шешім. Себебі партиялар өз қызметін адал атқарып, қоғам мен елдің дамуына нақты үлес қосуы қажет.
Сондай-ақ бір палаталы парламентке, яғни Құрылтай үлгісіндегі жүйеге көшу – бүгінгі конституциялық реформалардың жаңа бағыты. Бұл – еліміздің саяси жүйесін жаңғыртудағы маңызды қадам.
Осы тұрғыда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың көппартиялы саяси жүйені дамытуға бағытталған саясатын қолдаймын. Бұл бағыт азаматтардың құқықтарын қорғауға және демократиялық қоғамды нығайтуға аса қажет деп есептеймін.