Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мұны білген жөн / ҚМДБ марқұмдардың фотосын ЖИ арқылы жандандыруға қ...

ҚМДБ марқұмдардың фотосын ЖИ арқылы жандандыруға қатысты пікір білдірді

Мұны білген жөн 12.01.2026, 12:30 322
ҚМДБ марқұмдардың фотосын ЖИ арқылы жандандыруға қатысты пікір білдірді
depositphotos.com

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы марқұмдардың бейнесін Deep Nostalgia технологиясы арқылы анимациялауға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі. 

ҚМДБ шешімі

Егер технология алдауды, марқұмның ар-намысын кемсітуді немесе жақындарының қайғысын үдетуді қамтыса, тыйым салынады. Ерекше жағдайларда ғана қолдануға рұқсат етілуі мүмкін, бірақ бұл үшін діни, этикалық және психологиялық талаптарды қатаң сақтау қажет.

Мүфтиятта ислам ғалымдары арасында бұл технологияға рұқсат жөнінде әртүрлі көзқарас бар екені айтылған.

"Кейбір ғұламалар қарсы: марқұмның бейнесін "тірілткендей" ету құрметсіздік болып, шариғатқа қайшы деп қарайды. ДУМК Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадисін еске салған: "Өлгендерді жамандамаңдар (қорламаңдар), өйткені олар өз істерінің нәтижесін көрді".

Марқұмның жүзіне күлімсіреу, мұңаю сияқты эмоцияларды "таңу" шариғатқа қайшы бал ашу/болжау түрі ретінде қабылдануы мүмкін екені атап өтіледі. Сонымен қатар, марқұмның келісімінсіз бейнесін өзгерту жеке өмірге қол сұғу және этикалық нормаларды бұзу деп саналады.

Қай кезде рұқсат етіледі?

ҚМДБ Deep Nostalgia-ны қолдану қатаң шарттармен ғана мүмкін дейді. Атап айтқанда:

  • марқұмды кемсітпеуі, мазақтамауы, дискриминацияламауы;
  • адамдарға зиян келтірмеуі;
  • марқұмның туыстарының қайғысын күшейтпеуі;
  • міндетті түрде отбасынан рұқсат алу (марқұмның фотосы оның жеке меншігі ретінде қарастырылады).

Сондай-ақ, мұндай анимацияланған бейнелерді нақты видео ретінде таратуға немесе ресми құжаттарда қолдануға болмайды, өйткені бұл - алдау.

Психологтардың ескертпесі

ҚМДБ психологтардың пікіріне де сүйенген: "терең ностальгия" аз уақытқа ғана жұбатуы мүмкін, бірақ эмоциялық және психологиялық күйзеліске түсіруі ықтимал. Салдары ретінде депрессия, ұйқының бұзылуы, психологиялық тәуелділік, әлеуметтік оқшаулану аталады.

Анықтама

Deep Nostalgia AI – ескі фотосуреттерді анимациялап, бет-әлпет қозғалысын "жандандырып" көрсететін құрал.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ҚМДБ #сурет #жи
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Сенатор Бибігүл Жексенбай референдум қарсаңында "Қазатомөнеркәсіп" ұжымымен кездесті

Бүгін 08:51

Дәрігер адамның жүрісі психикалық жағдайға қалай әсер ететінін түсіндірді

Кеше 17:31

Алматыда терроризмді насихаттау және жалған хабарлама үшін жауаптылық еске салынды

Кеше 17:14

Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына арналған салтанатты концерт өтті

Кеше 17:14

Алматыда «Жасыл болашақ» жобасы басталды

Кеше 17:11
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі