конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / ҚХР Бас консулы: Алматы мен Шанхай жасанды интелле...

ҚХР Бас консулы: Алматы мен Шанхай жасанды интеллект пен «жасыл» экономикада жаңа өсім нүктелерін қалыптастырып келеді

Әлем 07.04.2026, 14:58 329 yakiya
ҚХР Бас консулы: Алматы мен Шанхай жасанды интеллект пен «жасыл» экономикада жаңа өсім нүктелерін қалыптастырып келеді

Алматы мен Шанхай жоғары технология мен орнықты даму салаларындағы ынтымақтастықты күшейтіп, экономикалық өсімнің жаңа бағыттарын айқындап келеді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Бұл туралы «Алматы – Шанхай» бизнес форумы барысында Қытай Халық Республикасының Алматыдағы Бас консулы Су Фанцю мәлімдеді.

Оның айтуынша, Қазақстан мен Қытай арасындағы байланыс барлық деңгейде жүйелі түрде нығайып келеді. Ал өзара сенімнің жоғары деңгейі әріптестікті одан әрі кеңейтуге берік негіз қалайды.

«Біз бауырлас қалалар арасындағы белсенді ықпалдастықты ғана емес, сонымен қатар жасанды интеллект, заманауи ауыл шаруашылығы және «жасыл» энергетика секілді салаларда жаңа өсім нүктелерінің қалыптасып жатқанын байқаймыз», – деді Су Фанцю.

Ол бүгінде іскерлік байланыс нақты нәтижелер беріп отырғанына тоқталды. Электрондық коммерция мен цифрлық сервистердің дамуы тұтынушылардың тауарлар мен қызметтерге қолжетімділігін кеңейтсе, ал жаңа технология енгізу – зияткерлік жабдықтардан бастап мобильді төлемдерге дейін – халықтың өмір сүру сапасын арттыруға ықпал етеді.

Дипломат Шанхайдың Қытайдың ашықтық саясатын жүзеге асырудағы негізгі орталықтарының бірі ретіндегі рөліне ерекше тоқталды. Оның айтуынша, мегаполис елдің ішкі нарығын жаһандық экономикамен тиімді байланыстырып, халықаралық ынтымақтастықтың маңызды алаңы ретінде қызмет етеді.

Алматы өз кезегінде Орталық Азиядағы жетекші қаржы-экономикалық орталық ретіндегі орнын нығайтып, Еуропа мен Азия арасындағы трансконтиненталдық байланысты дамытуда стратегиялық рөл атқарып келеді.

Су Фанцю сондай-ақ қалалар арасындағы әріптестіктің нақты іске асу кезеңіне өткенін атап өтті. Бүгінде бірлескен жобалар жүзеге асырылып, іскерлік байланыс кеңейіп, бизнес пен тұрғындардың сұранысына сай жаңа ынтымақтастық бағыттары қалыптасып келеді.

«Алматы мен Шанхай арасындағы ынтымақтастық әлеуеті алдағы уақытта да жүйелі түрде ашыла беретініне сенімдіміз», – деді ол.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Шанхай
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Ясауи мұрасына арналған қос кітап 4 тілде жарық көрді

Бүгін 12:04

Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевты туған күнімен құттықтады

Бүгін 10:35

Тоқаев қазақстандықтарды Астана күнімен құттықтады

Бүгін 09:05

Алматыда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік науқан өтті

Кеше 17:38

ЮНЕСКО басшылығы қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтады

Кеше 15:12
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);