AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / ҚазҰУ профессоры Алуа Ибраева: «Меншікке иелік ету...

ҚазҰУ профессоры Алуа Ибраева: «Меншікке иелік ету — жауапкершілік жүктейді»

Әлеумет 03.02.2026, 16:00 305 dulatbekova
ҚазҰУ профессоры Алуа Ибраева: «Меншікке иелік ету — жауапкершілік жүктейді»
Сурет: web.telegram.org/k/#@konstituciyalikreforma

Жаңа Конституция жобасында мемлекеттік құрылым мәселелерімен қатар, меншікке қатысты нормалар мен адам құқықтарын қорғау тетіктерін мазмұндық тұрғыда жаңартуға ерекше көңіл бөлінген.

 Бұл туралы реформалар жөніндегі парламенттік жұмыс комиссиясының мүшесі, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының профессоры, заң ғылымдарының докторы Алуа Ибраева баяндады, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Меншік туралы ереженің жаңа тұжырымдамасы маңызды өзгерістің бірі болды. Бұған дейін Конституцияда «меншік міндет жүктейді» қағидаты бекітіліп, оның игілікке қызмет етуі тиіс екені көрсетілсе, енді бұл норма нақты әрі кең түрде ашылған. Конституция жобасының 9-бабында меншік қоғамға, адамға қызмет етіп, қоршаған ортаға зиян келтірмеуі тиіс екенін атап өткен.

Сарапшының айтуынша, осылайша меншік иесінің әлеуметтік және экологиялық жауапкершілігі күшейтіледі.  

«Меншік иесі өз құқықтарын жүзеге асыра отырып, жоғары деңгейдегі жауапкершілікті де өз мойнына алады. Бұл — жеке мүдделер мен қоғамдық игілік арасындағы неғұрлым теңгерімді қатынастар моделін қалыптастыру жолындағы маңызды қадам», — деп атап өтті Алуа Ибраева.

Өзгерістердің тағы бір қағидаттық блогы адам құқықтарын қорғау кепілдіктеріне қатысты. Конституция жобасында бұрын сот ісін жүргізу қағидаттарына жатқызылған бірқатар ережелер енді тікелей адамның негізгі құқықтары мен бостандықтары бөліміне енгізілген.

Атап айтқанда, базалық құқықтық кепілдіктер туралы сөз болып отыр: әр адамның тыңдалуға құқығы бар, өзіне қойылатын талаптар туралы толық әрі анық ақпарат алуға, ықтимал шектеулердің немесе талаптардың негізін білуге құқылы. Яғни, ақпараттандырылу құқығы мен әділ қаралу құқығы азамат мәртебесінің ажырамас бөлігі ретінде бекітіледі.

Сарапшының пікірінше, бұл қағидаттарды құқықтар мен бостандықтар бөліміне көшіру олардың конституциялық мәртебесін күшейтіп, тұлғаны қорғаудың басымдығын айқындайды.

Осылайша, жаңа Конституция жобасы меншік иелерінің жауапкершілігін арттыруға ғана емес, азаматтардың процестік кепілдіктерін нығайтуға да басымдық беріп, адам құқықтарын қорғауды конституциялық реттеудің анағұрлым жоғары деңгейіне көтереді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Конституция #Реформа #пікір
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы балаларға арналған бірегей оталардың алаңына айналды

Бүгін 19:24

Қасым-Жомарт Тоқаевқа KEDEN, SmartCargo ақпараттық жүйелері мен көлік-логистика саласындағы цифрлық жобалар көрсетілді

Бүгін 18:26

Мемлекет басшысы GITEX AI Central Asia & Caucasus көрмесіне барды

Бүгін 18:20

Мемлекет басшысына Defense Tech қорғаныс пен қауіпсіздік саласындағы инновацияларды қолдау орталығы көрсетілді

Бүгін 18:16

Мемлекет басшысы Presight AI басқарма төрағасы Томас Прамотедхамды қабылдады

Бүгін 18:13
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);