Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / "ҚазМұнайГаз" «Самұрық-Қазына» АҚ-дан «Қашағанның»...

"ҚазМұнайГаз" «Самұрық-Қазына» АҚ-дан «Қашағанның» 50% үлесін кері сатып алды

Әлеумет 20.09.2022, 08:48 1,032
"ҚазМұнайГаз" «Самұрық-Қазына» АҚ-дан «Қашағанның» 50% үлесін кері сатып алды
Сурет: Kapital.kz

ҚМГ-ның жеке кредиттік рейтингі артты.


«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ «Самұрық-Қазына» АҚ-дан «ҚМГ Қашаған Б.В.» ЖШЖК компаниясындағы 50% үлесін сатып алды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 


ҚМГ баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, 2022 жылы 15 қыркүйекте «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) 2015 жылы жасалған Опциондық келісім аясындағы өз құқығын пайдаланып, «Самұрық-Қазына» АҚ-дан (Қор) Солтүстік Каспий жобасы (Қашаған жобасы) бойынша Өнімді бөлу туралы келісімнің 16,88% тиесілі «ҚМГ Қашаған Б.В.» ЖШЖК компаниясындағы 50% үлесін 3,8 млрд АҚШ долларына сатып алған. 



«Бұл – «ҚазМұнайГаз» үшін соңғы жылдардағы ең ірі сатып алу мәмілелерінің бірі. Қашаған жобасындағы үлесі артуы арқылы ҚМГ-ның шоғырландырылған өндіру, EBITDA, таза пайда және активтер көрсеткіштері жақсарады. Бұл ретте компанияның қарызы да артады. Сатып алу үшін төлем ҚМГ Қашаған Б.В. ақша ағымдарының есебінен жүзеге асырылады деп жоспарлануда», - деп хабарлады ҚМГ Басқарма төрағасының орынбасары Дәурен Қарабаев.



 2015 жылы ҚМГ түскен қаражатты сол жылдары мұнай бағасының күрт төмендеуіне байланысты ҚМГ еурооблигацияларындағы «Таза қарыз/ EBITDA <= 3.5х» қаржылық ковенантының бұзылуына жол бермеу мақсатында қарызды азайтуға пайдалану үшін ҚМГ Қашаған Б.В. компаниясындағы 50% үлесін Қорға сатты.


Қазіргі сатып алуды жүзеге асыруға ҚМГ-ның қаржылық жағдайын жақсарту бойынша жүргізілген үлкен жұмыс сеп болды, бұл осы мәмілені кредиттік рейтингтерге әсер етпей іске асыруға мүмкіндік берді.


Бұл кезеңде қаржылық жағдайды жақсарту жөніндегі іс-шаралар миноритарлық акционерлермен келіссөздер жүргізуді және «ҚазМұнайГаз «Барлау Өндіру» АҚ-дағы үлесін шоғырландыруды, ҚМГ-ның жария борышындағы ковенантты пакетті оңтайландыруды, сондай-ақ ҚМГ ақша ағымдарына сәйкес ұзақ мерзімді өтеу кестесін құруды қамтыды. Атап айтқанда, ҚМГ еурооблигацияларымен жасалған бірқатар мәмілелер нәтижесінде ковенанттық пакеттен «Таза борыш/ EBITDA <= 3.5х» қаржылық ковенанты толығымен алып тасталды.


Жүргізілген жұмыс нәтижесінде ҚМГ-ның жалпы қарызы шоғырландырылған аудиттен өткен қаржылық есептілікке сәйкес 2014 жылдың соңындағы жағдай бойынша 19,2 млрд АҚШ долларынан 2022 жылдың бірінші жартыжылдығының соңында 8,4 млрд АҚШ долларына дейін азайды. ҚМГ Қашаған Б.В. үлесін сатып алу мәмілесі аяқталғаннан кейін ҚМГ-ның жалпы қарызы шамамен 10,7 млрд АҚШ долларына жетеді.


Халықаралық рейтинг агенттіктері осы кезең ішінде ҚМГ-ның жеке кредиттік рейтингін арттырып, компанияның қаржылық жағдайы жақсарғанын атап өтті.


Бұған дейін ҚМГ Қашаған Б.В. компаниясының 50% үлесіне алдын ала шектеу қойылған еді, оны биыл Гаага (Нидерланд) Апелляциялық соты алып тастады. Бұл шешімге қатысты Нидерланд Жоғарғы сотына түскен шағым ҚМГ-ның 50% үлесін сатып алу туралы мәмілесіне әсер етпейді, өйткені Апелляциялық соттың шектеуді алып тастау туралы шешімі дереу күшіне енеді.


Мәміле туралы толығырақ «ҚазМұнайГаздың» қаржылық есебінде баяндалатын болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#мұнай #компания #үлес
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қысқы Паралимпиада қатысушылары Алматыдағы матчтің құрметті меймандары болды

Бүгін 21:54

Алматының коммуналдық қызметтері «Қайрат – Астана» матчінде тазалықты қамтамасыз етті

Бүгін 21:22

Алматыда «Қайрат» – «Астана» матчінен кейін жанкүйерлер еріктілермен бірге стадионды тазалады

Бүгін 21:05

Ұзақ күткен матч: Алматыда “Қайрат” пен “Астана” кездесіп жатыр

Бүгін 20:15

Қазақстанда базар азайып барады

Бүгін 17:26
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика