AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазір біртұтас Қазақстан ұғымын орнықтыру көкейкес...

Қазір біртұтас Қазақстан ұғымын орнықтыру көкейкесті – Дихан Қамзабекұлы

Әлеумет 29.04.2022, 11:55 1,374
Қазір біртұтас Қазақстан ұғымын орнықтыру көкейкесті – Дихан Қамзабекұлы
Сурет:Youtube.com

Ғалым үндеу тастады.


Тәуелсіздіктің 30 жылдығы – елеулі белес, бірақ қоғамның санасы әлі де трансформацияланып жатыр. Бабаларымыз «Қасқыр өз жарасын жалап жазады» деп бекер айтпаған, біз қателіктен сабақ ала білуіміз қажет. Мемлекет басшысының төрағалығымен өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының «Ел бірлігі – жаңарған Қазақстанның тірегі» сессиясында Еуразия ұлттық университетінің проректоры, ғалым Дихан Қамзабекұлы осындай ойларын білдірді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 


Қазіргі жұмыссыздықтың көзі маманға деген қисынды мониторинг пен тапсырыстың жоқтығында екеніне тоқталған ғалым әлемде губернатор, префект, әкім өз аумағына қандай маман керек екенін университетпен бірігіп шешетін игі тәжірибе барын айтты. 



«Мен жоғары оқу орнында 30 жылдай қызмет істеймін. Дәл осы мәселемен университетке келген бірде-бір әкімді көрген жоқпын. Міне, мәселенің бір кілтипаны», – деп қазіргі таңдағы өзекті мәселені қозғады ол.           



Осы мәселені шешу үшін Дихан Қамзабекұлы жастардың бойында «қоғамға деген жауапкершілік иммунитетін» қалыптастыруды білім саласы мамандары кәсіби борышы ретінде санауы керек екенін айтты. Сонымен қатар, еңбек күшін әлеуметтік тұрғыдан қолдау арқылы икемді ел экономикасының дамуына қажетті жұмыстарға тартуды көздейтін «флексикьюрити» (flexicurity) принципіне сүйенген еңбек нарығы реформасын жүргізу қажет. 


Жастарды жаңа істерге жігерлендіру үшін білім, мәдениет, билік орындары бірлесіп қоғамда елшіл ата-ана қалыптастыруға айрықша мән беруі маңызды. Мысалы, елордадағы музейлерге, қазақ, орыс театрына бірде-бір рет бармаған ата-аналар аз емес. Ата-ананың жүрек көзі ашылмаса, баланың жүрек көзі қалай ашылады? 



«Қазір елдегі этностардың санын айту, жарнамалау көкейкесті емес, «Қазақстан біртұтас!» деген ұғымды, түсінікті орнықтыру көкейкесті. «Қазақстанда ешкім тегіне, жынысына, ұлтына, нәсіліне, тіліне, дініне қарап бөлінбейді!» деген шынайы тезис мәнді. Ұлтымыздың бір данасы Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы «Күллі денеге күш беріп тұратұғын – жүрек» деген екен. Алаш лексиконында да «ақжүрек» сөзі жиі кездеседі. Мұның бәрі - Қасым-Жомарт Кемелұлы күн тәртібіне қойған әділеттілік, сабақтастық, өрлеу ұғымының арқауы», – деді ол. 



"Ендеше шынайылыққа құштар, әсіремақтаннан ада, сөзі мен ісі бір жерден шығатын қоғам болудан жаңылмайық!" - деген үндеу тастады ғалым.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ғалым #халық #Үндеу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Ертең Алматыда жалпықалалық сенбілік өтеді

Бүгін 19:28

Абай алаңында әжелер подиумға шығып, сән көрсетті

Бүгін 18:01

Алматыда «KitapFest-2026» ауқымды екі күндік кітап фестивалі өтті

Бүгін 17:46

Көктем мерекесі Алматы төрінде: Абай алаңындағы концерт пен қолөнер жәрмеңкесі

Бүгін 17:41

Алматыдағы Абай алаңындағы мерекенің көркін кіргізген концерт әлі де жалғасып жатыр

Бүгін 16:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика