AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Астанада мектеп ұстазы 7 мың ескі кітаптан ерекше...

Астанада мектеп ұстазы 7 мың ескі кітаптан ерекше мұнара тұрғызды

Мәдениет Бүгін 16:07 25
Астанада мектеп ұстазы 7 мың ескі кітаптан ерекше мұнара тұрғызды
Астана қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Мұнараның ерекшелігі – оның шексіздік әсерін қалыптастыруында, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Астана қаласындағы №12 жалпы орта білім беретін мектептің педагогі Жарқынәлі Ошаев жеті мың ескі кітапқа «екінші өмір» сыйлады.

Осыған дейін де қолөнер туындыларымен көпшілікті таңғалдырған ұстаз бұл жолы өзі еңбек ететін білім ордасында ерекше арт-нысан жасады. Ол – биіктігі 8 метр болатын кітап мұнарасы. Кітаптардан құрастырылған бірегей туынды мектептің ата-аналары мен оқушыларының қызығушылығын тудырып отыр.

Мұнараның ерекшелігі – оның шексіздік әсерін қалыптастыруында. Үлкен залдың ортасында орналасқан құрылым сырт көзге бірнеше метрден аспайтындай көрінеді. Алайда ішіне үңілген сәтте мұнараның ұшы зал төбесінен әлдеқайда биікке созылып жатқандай әсер қалдырады.
Бұл оптикалық иллюзия еден мен төбеге орнатылған айналардың көмегімен жасалған. Экспонат авторы осындай ерекше шешім арқылы кітаптың адамзатқа шексіз білім мен ақпарат әлемінің есігін ашатынын жеткізгісі келген.

Жобаны іске асыру барысында қауіпсіздік талаптары толықтай ескерілген. Мұнараны құрастыруға қажетті ескі кітаптарды педагогтер мен оқушылар жинап әкелген.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық бес ауыр атлет Қазақстан чемпионатынан жүлдемен оралды

Бүгін 16:11

Мемлекет басшысы Құрылтай Төрағасы Айбек Дәдебайды қабылдады

Бүгін 15:45

Алматыда «Жасыл аула – 2026» акциясы аясында екі күнде мыңға жуық ағаш көшеті таратылды

Бүгін 14:45

Жол жүру уақыты екі есеге қысқарады: «Қызылорда – Жезқазған» тасжолын реконструкциялау аяқталды

Бүгін 14:00

Мемлекет басшысы «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Асхат Хасеновті қабылдады

Бүгін 13:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);