Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / «ҚазАвтоЖолды» дамытудың он жылдық жоспары бекітіл...

«ҚазАвтоЖолды» дамытудың он жылдық жоспары бекітілді

Әлеумет 17.01.2023, 12:42 1,514
«ҚазАвтоЖолды» дамытудың он жылдық жоспары бекітілді
Сурет: Ашық дереккөз

Жол бойындағы инфрақұрылым мен қызмет көрсету саласы да дамымақ


Үкімет «ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясы» АҚ-тың 2023-2032 жылдарға арналған даму жоспарын бекітті. ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов тиісті қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Үкіметтің баспасөз қызметінің хабарлауынша, алдағы 10 жылда күре жолдарды салу және күтіп ұстау сапасын арттыру жөнінде шаралар қабылдау жоспарланып отыр. Олардың қатарында жол жобаларының барлығына FIDIC халықаралық стандарттарын енгізу, техникалық құжаттаманы келісу процесін жетілдіру, жобалау және мердігерлік ұйымдардың жауапкершілігін арттыру, автоматтандырылған бақылау жүйелерін бірыңғай IT-жүйеге интеграциялау, қажетті жол-пайдалану техникасы мен жабдықтарын сатып алу және т. б. бар.


Нәтижесінде жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы республикалық маңызы бар автожолдардың үлесін 100%-ға дейін жеткізу, сондай-ақ жергілікті жолдардың жағдайын жақсарту үшін өңірлерді тиісті жұмыспен толық қамтуды жүзеге асыру жоспарлануда.


Шығарындыларды азайту және экологияға зияны жоқ көлікті пайдалануды ынталандыру мақсатында электрмобильдерді қуаттау станцияларының жүйесі дамиды.


Сонымен қатар үздік халықаралық стандарттарға жауап беретін және жоғары жылдамдықпен жүруге рұқсат етілген жаңа ақылы учаскелерді енгізу жалғасады. Бұл ретте көлік қозғалысы неғұрлым көп бағыттарға басымдық берілетін болады. Сонымег қатар бұл, атап айтқанда, Қытайдан және Орталық Азия елдерінен Еуропаға жүктерді тасымалдау бойынша Қазақстанның транзиттік мүмкіндіктерін кеңейтуге мүмкіндік береді.


Жол бойындағы инфрақұрылым мен қызмет көрсету саласы да дамымақ. Бұл бағытта бизнес жүргізу үшін қолайлы жағдай жасау, инвесторларды тарту, қызмет көрсету және жаңа объектілер (демалуға арналған алаңдар, модульдік үлгідегі абаттандырылған санитарлық-гигиеналық тораптар және т.б.) салу кезінде халықаралық стандарттарды енгізу жөнінде шаралар қабылданатын болады.


Караванинг және TIR-паркинг алаңдарын орнатуға, сондай-ақ инклюзивтілік, ерекше қажеттіліктері бар адамдардың сұраныстарын қанағаттандыру, ана мен баланы қорғау мәселелеріне ерекше назар аудару жоспарланып отыр.



«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ мен «Қазақавтожол» ЖШС бірлестігі бойынша жұмыс жалғасады, нәтижесінде республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын басқару жөніндегі бірыңғай автожол компаниясы құрылатын болады», - делінген хабарламада.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазавтожол #үкімет #жоспар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда студент жастарға арналған «Jas Gala» қалалық фестивалі

Кеше 18:15

"Отаға қатысуды таңдадым". Жетінші рет әке атанған Төреғали Төреәлі қызына қандай есім бергенін айтты

Кеше 17:54

Бас-ми жарақатын алған: Астанада психикалық денсаулық орталығының фельдшеріне шабуыл жасалды

Кеше 17:20

Зорлау ісімен сотталған блогер Думан Ерқанат бостандыққа шықты

Кеше 16:57

Халықаралық тәжірибе Қазақстандағы балалар нейрохирургиясын қалай дамытып жатыр?

Кеше 16:47
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика