Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Өмір-өзен / Қазақы пайым. Аспанда да «ауыс-түйіс»...

Қазақы пайым. Аспанда да «ауыс-түйіс»...

Өмір-өзен 25.03.2022, 06:03 1,682
Қазақы пайым. Аспанда да «ауыс-түйіс»...
www.youtube.com

Бүгін түн ортасында Жеті қарақшы жұлдызының шөміш сабы жоғары қарап, оңтүстік жақты көрсетеді. Бұл күн мен түн теңелгенін, Көктемнің кіргенін, топырақ жұлдызының бағы жанғанын білдіреді


Наурыздың 15-і күні түнде аспанда «ауыс-түйіс» орын алды. Ірі-ірі «қыс» жұлдызының орнын жыпырлаған «жаз» жұлдызы басты... Үкіметте де, Парламентте де нақ осы күні өзгеріс орын алды. Бəрі жаңарып жатыр: жер де, ел де. Жаңа Қазақстанымыз бен жаңа қоғамымыздың жаңа да жарқын қадамы нық сеніммен басталды.



Наурыз - көктемнің ғана емес, жылдың да басы. Жаңа жыл. Табиғат амалдары наурыз айынан басталады. Көктем келісімен, табиғатта жауынды күндер көбейеді. Осы айдың 15-інен бастап аспан жұлдыздары арасында «ауыс-түйіс» орын алды. Мұның мəнісі: «қысқы» баданадай-баданадай iрi жұлдыздардың орынын «жазғы» жыпырлаған ұсақ жұлдыздар басады. Қазан айының 15-iне дейiн жұлдыздар ұсақтау көрiнедi. Ал қазанның 15-iнен бастап көк жүзінде қайтадан үлкен жұлдыздар қаптайды.



Қауіпті амал «Əбдікей» бүгін бітеді. Басқаша аталуы – сиырдың «ораза ұстауы». Бұлай аталу себебі: мұз астындағы судан қанып іше алмаған сиырлар еріген қар суына қанып, қардан шыққан көлденең шөпке тойып, арқасын күнге тосып, бірнеше сағат жайылмай тұратын болған. Осы көріністі сиырдың «ораза ұстауы» деп атаған. Көнекөз қариялар сиырдың «ораза ұстау» уақытына қарап, қыс аяғын болжайтын болған: қалың қардың шеті сөгіліп, еріп, су ағады. Қардан аққан суға торғай шомылатындай болса, жаз ерте шығады деп, қардан аққан су мардымсыз болса, жаз жəй шығады деп есептейді.



«Қардың басын қар алар...» деген мақалы бар «Құсқанаты» амалы наурыздың 26–28-іне дөп келеді. Ол күндері жапалақтап қар жауып, іле еріп, не жаңбыр сіркірейтін болған. Жеркөктің бəрін су басқан аласапыран шақ осы кез. Алматыда аптаға созылған Наурыз мерекесі керемет болып ерекше жағдайда өтті. Тəжіндеттің кесірінен тойланбай қалған жылдардың есесі қайтқандай болды. Мерекенің алғашқы күндері аспанды қара бұлт бүркегенімен қар жаумады, күн айтарлықтай салқындаған да жоқ. Бірақ Наурыз мейрамының соңғы күні (23.03.22.) майдалап жауған қар Алматыға ақ қардан шапан жапты. Синоптиктер бір айдың қары бір күнде жауды деп дабыл қақты. 2015 жылы наурыздың 29-30 аралығында Алматыда қалың қар жауған болатын. Ауа райын зерттейтін орталықтың мамандары мұны Алматыда соңғы 3 жылда жауған ең қалың қар деп атаған еді. Қалыңдығы 35 сантиметрге жеткен. Бұл - бір жылда жауатын қардың үштен бір бөлігі екен. Есесіне, 2016 жылғы жаз айлары өте ыстық болғанын алматылықтар əлі ұмытпаған болар.



Наурыз айы да аяқталуға таяп қалды. Бүгін қолданыстағы күнтізбе бойынша, наурыздың 25-і. Ал ай есебі бойынша, 22-сі. Қазақы қисынға сүйенсек, айдың 8-ші күні. Апта айдың басын да, ортасын да, соңын да қамтып тұр. Бұлардың ауа райына əсері болмай қалмайды. Күндіз күннің көзі жарқырып тұрғанымен, түнге қарай суытуы мүмкін. Соның салдарынан күндіз еріген қар түнгі жəне таңғы аязбен қатып, мұзға айналып, көктайғақ орын алуы ғажап емес... Өйткені, бұл «Құсқанаты» амалы ғой. Құстар келіп жатыр мекеніне. Құстардың қанатымен жел келеді, самал еседі, оларға жаңбыр мен қар ілеседі...

Телеграм арнаға жазылыңыз
#наурыз #көктем #болжам
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

3 мыңнан астам өтінім: Алматыда JAS GALA ауқымды студенттік шығармашылық фестивалі басталды

Бүгін 18:27

«Amanat» қолдауы нақты нәтижеге жеткізді: алматылық отбасының өмірі қалпына келтірілді

Бүгін 17:55

Тоқаев Дина Исламбекова мен Надежда Рябецті бокстан Азия чемпионы атануымен құттықтады

Бүгін 17:38

Қазақстан Қорғаныс министрінің цифрландыру жөніндегі орынбасары Бакуге сапармен барды

Бүгін 17:32

Алматыда дәмханаға заңсыз салынған нысан сүріліп жатыр

Бүгін 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика