конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Жаңа Конституция / Қазақстанның жаңа конституциясы демократиялық инст...

Қазақстанның жаңа конституциясы демократиялық институты нығайтып, адам құқығын мемлекеттік саясаттың өзегіне қояды – ҚазҰУ сарапшысы

Жаңа Конституция 02.07.2026, 12:54 151 yakiya
Қазақстанның жаңа конституциясы демократиялық институты нығайтып, адам құқығын мемлекеттік саясаттың өзегіне қояды – ҚазҰУ сарапшысы

Бүгін еліміз үшін айрықша маңызды күн, өйткені Қазақстанның жаңартылған конституциясы күшіне енді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Бұл туралы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің проректоры Еркін Дүйсенов мәлімдеп, аталған оқиғаның тарихи маңызы зор екенін және мемлекеттің ұзақ мерзімді даму бағытын айқындайтынын атап өтті.

Оның айтуынша, конституция – елдің алдағы ондаған жылдардағы стратегиялық даму бағытын белгілейтін және болашақ ұрпақтың өміріне тікелей ықпал ететін негізгі саяси-құқықтық құжат.

«Бұл шын мәнінде халықтық конституция деп толық айтуға болады. Себебі ол қоғамның мүддесін білдіреді, ең алдымен адамға бағытталған», – деді ол.

Сарапшының айтуынша, жаңартылған заңның басты қағидаты – ең әуелі адамның құқығы мен бостандығын қамтамасыз ету, содан кейін ғана қоғам мен мемлекеттің мүддесін қорғау. Оның пікірінше, мұндай ұстаным жүргізіліп жатқан реформалардың демократиялық сипатын айқындап, құқықтық мемлекет құруға бағытталған.

Сонымен қатар ол заң үстемдігі қағидаты мемлекеттік басқарудың жаңа моделінің негізгі өзегіне айналғанын атап өтті. Бұл модельде «заңмен тыйым салынбағанның бәріне рұқсат етіледі» деген қағида басшылыққа алынады.

Еркін Дүйсенов жаңа конституцияда көзделген жаңа институттарға да ерекше тоқталды. Атап айтқанда, ол Халық кеңесінің құрылуын қоғам мен билік арасындағы маңызды байланыс тетігі ретінде бағалап, бұл институт қоғамдық диалогты дамытуға қызмет ететінін және заң шығару бастамасы құқығына ие болатынын айтты.

Сондай-ақ сарапшы вице-президент институтының енгізілуі жоғары мемлекеттік билік жүйесінің тұрақтылығы мен сабақтастығын нығайтуға ықпал ететінін атап өтті.

Жалпы, Еркін Дүйсеновтің пікірінше, жаңартылған конституция демократиялық қағидаттардың нығайғанын айқын көрсетіп, Қазақстанда құқықтық мемлекетті одан әрі дамытуға бағытталған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Конституция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Әйгілі әнші Рики Мартин желіде Алматының әдемі көрінісін бөлісті

Бүгін 14:13

Алматының Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарында жыл басынан бері 333 мыңға жуық қызмет көрсетілді

Бүгін 10:23

+45 градус: демалыс күндері еліміздің басты қалаларында ауа райы қандай?

Бүгін 10:02

Алматыда ай сайынғы ақшалай қамсыздандыру алатын спортшылар саны шамамен төрт есеге артты

Кеше 19:25

Қазақстанда есту және сөйлеу қабілеті шектеулі жандар туралы тұңғыш толықметражды фильм түсіріліп жатыр

Кеше 17:43
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);