ffin.kz

Қазақстанның сот жүйесін дамыту циклы тақырыбында вебинар өткізілді

Қазақстанның сот жүйесін дамыту циклы тақырыбында вебинар өткізілді Сурет: Sud.ua.

Қазақстанның сот жүйесін дамыту циклы тақырыбында вебинар өткізілді


 


Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымы инновациясының жаһандық индексінде Қазақстан үшінші орында тұр, ал БҰҰДБ сарапшылары Қазақстанда зияткерлік меншік мәселелері бойынша мамандандырылған сот құруды ұсынды, деп хабарлады Almaty-akshamy.kz ҚР Әділет министрлігінің сайтында жарияланған хабарға сілтеме жасап.


 Осы және өзге мәселелерді халықаралық сарапшылар 2021 жылғы 24 маусымда Дүниежүзілік банк Қазақстанның Әділет министрлігімен бірлесіп ұйымдастырған "Қазақстанның сот жүйесін дамыту циклы – нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру: зияткерлік меншік стандарттары (АЖ), меншікті, кәсіпорындарды және азаматтық хал актілерін тіркеу" атты онлайн вебинар аясында талқылады.


 Іс-шара Дүниежүзілік банк ұйымдастырған, Қазақстандағы сот реформасының циклы және оның адамдар мен бизнеске бағытталған сот төрелігін қайта құру үшін институционалдық және нормативтік базаны нығайтуға арналғанын вебинарлар сериясының бірі болып табылады.


 Орталық Азиядағы мемлекеттік басқару мәселелері жөніндегі үйлестіруші, Дүниежүзілік Банктің мемлекеттік басқару мәселелері жөніндегі жетекші маманы Арман Ватян өзінің кіріспе сөзінде Әділет министрлігі және Дүниежүзілік банкке бірлесіп вебинарлар сериясын ұйымдастырғаны үшін алғыс айтып, сессияның негізгі тақырыбын ұсынды.Оның айтуынша, аталмыш тақырыпты талқылау Қазақстандағы бизнес ортаны жақсартуға мүмкіндік беретін негізгі фактор болып табылатынын атап өтті.


 Өтпелі экономикасы бар елдер және дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының (ДЗМҰ) дамыған елдер бойынша департамент директорының міндетін атқарушы Виктор Васкез Лопез мырза вебинар қатысушыларына ілтипат білдіріп, Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының 2020 жылғы Жаһандық инновациялық индексінде Қазақстан Орталық және Оңтүстік Азия елдері арасында үшінші орын алатынын атап өтті. Васкез мырза сондай-ақ Қазақстан зияткерлік меншіктің энергетикалық инфрақұрылымын дамытуға қатысты белсенді ұстанымға ие екенін атап өтті.


 Өзінің құттықтау сөзінде Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрі Ақерке Ахметова тіркеу және зияткерлік меншік саласындағы мемлекеттік қызметтерді жетілдіру бойынша Қазақстанның атқарған жұмысына назар аударды. Вице-министрдің айтуынша, бірқатар мемлекеттік қызметтер электрондық форматқа көшірілді, бұл қызмет алушылардың тіркеуші органға тікелей жүгінбеуіне мүмкіндік берді.


 Бірінші баяндамашы, Еуразиялық патенттік ведомствоның вице–президенті, экономика ғылымдарының докторы Эмиль Маммадов өз баяндамасында 1995 жылғы 5 қарашадан бастап Қазақстан қатысушысы болып табылатын Еуразиялық патенттік ұйымның қызметі мен артықшылықтары туралы айтып берді. Маммадов мырза соңғы 15 жылда Қазақстанның патенттік өтінімдерінің саны алты есеге артқанын атап өтті. Өтінімдердің көпшілігі құрылыс, компьютерлік технологиялар, органикалық химия салаларынан келеді. Осылайша, Қазақстан Еуразиялық ұйым елдері арасындағы патенттік өтінімдер саны бойынша үштікке кіреді.


 Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасының (UNDP) халықаралық сарапшылары Боян Константинов пен Ольга Гургула іскерлік ортаны жақсарту үшін зияткерлік меншікті дамыту, дағдыларды дамыту және Қазақстанда заманауи зияткерлік меншік орталығын құру тақырыбында сөз сөйлеп, Қазақстанның зияткерлік меншік саласындағы ұлттық заңнаманы өзінің халықаралық міндеттемелері мен жоғары стандарттарына сәйкес келтіру бойынша үлкен жұмыс атқарғанын атап өтті. БҰҰДБ сарапшылары өз баяндамасында қазіргі уақытта соттар зияткерлік меншік құқықтарына байланысты күрделі істерді қарау үшін көбірек білім мен дағдыларды талап ететінін атап өтті. Осыған байланысты, жақын болашаққа арналған стратегиялық жоспар ретінде зияткерлік меншік мәселелері бойынша мамандандырылған сот құруды ұсынды.


Өз кезегінде, «ReedSmith» заң фирмасының консультанты Ажар Кузутбаева зияткерлік меншік саласын дамыту бойынша Әділет министрлігінің кеңесшісі ретінде фирманың атқарған жұмысы туралы сөз қозғады. Ол жұмыс барысында Қазақстандағы зияткерлік меншікті реттеу жағдайын бағалауға арналған сұрақтар жиынтығы дайындалғанын айтып, «Әділет министрлігі қойған көптеген сұрақтар бойынша сарапшылар Қазақстан заңнамасының әлемдік ең жақсы тәжірибеге сәйкестігін растады».


 Тағы бір халықаралық сарапшы Сәуле Жүсіпбекова, Қазақстанның нормативтік-құқықтық базасы туралы пікір білдіріп, Қазақстанның [зияткерлік меншік саласындағы] заңнамасы «көптеген салаларда халықаралық стандарттарға сәйкес келеді» деп атап өтті.


 Вебинардың тағы бір тақырыбы кәсіпкерлікті, меншікті және азаматтық хал актілерді тіркеу салаларына арналған болатын.


 Әділет министрлігінің өкілі Алан Тленчиев, өз тарапынан, осы саладағы соңғы жаңалықтарға кең шолу жасады. Ол өз баяндамасында «бизнес бастау үшін адамдар электронды үкімет порталында электронды нысанды толтыру керек және компания бір сағат ішінде тіркеледі» деген мысал келтірді.


 Тағы бір халықаралық сарапшы Вахтанг Лежава қазақстандық реформалардың оң тенденцияларын атап өтті. Ол «Қазақстан бұл бағытта үлкен жұмыс жасады . Соңғы 7 жылда, Қазақстан «Doing Business» рейтингінде 77-ші орыннан 25-ші орынға ауысқан кезде, осы реформаларды қолдауға арналған 7 заңнамалық топтама дайындалды».


Лежава мырза бұл реформалар COVID-19 жағдайына қатысты өте пайдалы болғанын атап өтті. «Біз бұл реформалар рейтингтің жоғарылауына ғана емес, сонымен бірге экономиканың дағдарысқа нақты жауап беруі немесе оны сіңіруі үшін қажетті икемділік пен тұрақтылықты қалыптастыратынын көрудеміз», - деп баяндады.


 Өзінің қорытынды сөзінде, Дүниежүзілік банктің өкілі Уәлід Мәлік «біздің Грузиядағы әріптесіміздің айтқан қарапайым фактісі, Қазақстан «Doing Business» рейтингінде 77-ші орыннан 25-ші орынға көтерілуі, тек осы топтың ғана емес, басқа барлық салалардағы Әділет министрлігі, әділет органдары және жалпы үкіметтің инвестициялық климатты жақсартуға жұмсаған барлық күш-жігердің айқын көрсеткіші және жемісі болып табылады, нәтижеде, бұл рейтингте көрініс тапты», - деп қорытындылады.


 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

10:43

10:36

21:49

19:02

18:44

18:21

18:04

17:49

17:33

16:55

16:55

16:37

16:15

16:07

15:58

15:19

15:05

14:30

14:22

14:14

13:35

13:10

12:49

12:43

12:32