AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанның қай өңірінде азық-түлік бағасы шарықт...

Қазақстанның қай өңірінде азық-түлік бағасы шарықтап тұр

Әлеумет 19.07.2022, 02:00 1,149 Almaty-akshamy
Қазақстанның қай өңірінде азық-түлік бағасы шарықтап тұр
сурет: Strategy2050.kz

Азық-түлік бағалары ең қымбат өңір – Қонаев қаласы


Ел бойынша жаңадан құрылған Жетісу облысының орталығы Қонаев қаласында азық-түлік бағасы қымбат. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлім етті, деп хабарайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап. Бюроның дерегі бойынша, барлық әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағалары ең қымбат өңір – Қонаев қаласы. Онда нан 314 теңге тұрады. Ал нан республика бойынша астықты аймақ Қостанай қаласында арзан. Онда нан - 152 теңгеден сатылып жатыр. Қонаев қаласында күнбағыс құны да шарықтап тұр. Литрі – 954 теңге. Аталған тауар түрі Семейде арзан. Онда күнбағыс майның бір литрі – 725 теңге. Басқа өңірлермен салыстырғанда Жетісу облысының орталығында картоп (келісі 186 теңге) пен қырыққабат (келісі 89 теңге) қана арзан. Ал сиыр еті (келісі 2369 теңге), күріш (келісі 375 теңге), пияз (келісі 311 теңге) және жұмыртқа (10 данасы 460 теңге) сияқты азық-түлік тауарларының барлығы қымбат. Статистикалық мәліметтерге сәйкес, басқа өңірлермен салыстырғанда еліміздің 3 қаласында азық-түлік құны едәуір арзан. Олар - Петропавл, Қарағанды және Қостанай қалалары. Аталған аймақтарда азық-түлік бағасы өзге өңірлерге қарағанда 95-210 теңгеге төмен. Ұлттық статистика бюросының ақпараты бойынша, жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы 17,6 пайызға өскен.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#азық-түлік #баға #статистика
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Маңғыстауда британдық туристердің көлігі сорға батып қалды

Кеше 15:26

Алматыда Senat Open-2026 шахмат турнирінің ширек финалы басталды

Кеше 14:01

Астанада жеке сектордағы жалындаған өрт ауыздықталды

Кеше 11:51

KAZ Minerals шахтасында тағы бір жұмысшы қаза тапты

Кеше 10:29

Тоқаев: Қуғын-сүргін құрбандарын жадымызда сақтау – қастерлі борыш

Кеше 09:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);