Қазақстанның экспорт көлемі 37,2 пайызға артты

Қазақстанның экспорт көлемі 37,2 пайызға артты Сурет: Ашық дереккөзі

Экспорт көлемі Грузия еліне - 7 есе өсті


Биылғы 5 айда Қазақстанның экспорты 37,2 пайызға артып, 34,2 млрд долларға жетті. Бұл туралы Сауда және интеграция министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Ведомство дерегінше, жыл басынан бері 6 мемлекетке жөнелтілген тауар көлемі өскен. 



«Экспорт көлемі Грузия еліне - 7 есе (90,2 млн доллар), Канадаға - 6,6 есе (343,5 млн доллар), Мароккоға - 5 есе (124,1 млн доллар), Оңтүстік Кореяға - 4 есе (1,7 млрд доллар), Жапонияға - 3,3 есе (418,9 млн доллар) және Түркияға 2,1 есеге (2,1 млрд доллар) өсті», - деп мәлім етті министрліктің баспасөз қызметінен. 



Еске сала кетейік, бұған дейін Жапонияға жылқы етін экспорттайтын отандық кәсіпорындардың саны артқанын жазып едік.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

11:01

10:03

09:40

09:09

17:26

16:49

16:23

15:56

15:09

14:40

14:17

13:18

12:44

12:08

11:44

11:12

10:40

10:00

00:14

23:33

23:15

19:28

18:05

17:32

16:55