Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанның БҰҰ мүшесі болғанына 33 жыл толды

Қазақстанның БҰҰ мүшесі болғанына 33 жыл толды

Әлеумет 04.03.2025, 14:44 793
Қазақстанның БҰҰ мүшесі болғанына 33 жыл толды
Самат СЕРІКБАЙҰЛЫ

3 наурызда Алматыда «Бейбітшілік пен жасампаздық жолындағы ынтымақтастық: Қазақстанның БҰҰ-ның құрамына кіруінің 33 жылдығы және БҰҰ-ның 80 жылдығы» атты ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференция UN Plaza ғимаратында ҚР Сыртқы істер министрлігі мен БҰҰ-ның Қазақстан Республикасындағы Тұрақты өкілдіг ұйымдастырды.

2025 жылы БҰҰ-ның 80 жылдық мерейтойы әлем бойынша атап өтілуде.  1945 жылы құрылған жаһандық ұйым әлемде бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтауды мақсат етеді. Оны құрудағы басты мақсат соғыстың алдын алу. 

Сонымен қатар биыл 2 наурызда Қазақстанның БҰҰ-ға мүше болғанына 33 жыл толды. Соған орай Алматы төрінде әлемнің түрлі елінің дипломаттары, елшілері бас қосқан алқалы жиын ұйымдастырылды. 

Ғылыми-практикалық конференцияны БҰҰ-ның Қазақстандағы жаһандық коммуникациялар Департаментінің өкілі Властимил Самек жүргізді. Ол өз сөзі барысында БҰҰ-ның 80 жылдық мерейтойымен және Қазақстанның ұйымға мүше атануының 33 жылдығымен құттықтады. Ол Қазақстанның әлемдік қауіпсіздік пен бейбітшілікке үлесі орасан зор екенін атап өтті.

Онымен бірге үстелдің төрінде еліміздің бұрынғы сыртқы істер министрі, БҰҰ жанындағы Қазақстанның алғашқы Тұрақты өкілі Ақмарал Арыстанбекова және Қазақстанның Алматы қаласындағы СІМ өкілі Жәнібек Абдрашов отырды. А. Арыстанбекова өз сөзінде еліміздің халықаралық қауымдастыққа мүше болған алғашқы жылдарды еске алды. Сонымен қатар еліміздің бейбітшілік пен қауіпсіздікке қосқан үлесі жайлы баяндама жасады.

Бұдан бөлек сөз сөйлегендердің ішінде ҚХР-дың Алматыдағы Бас консулы Цзян Вэй, Францияның Бас консулы Фабрис Неве, РФ Бас консулы Дмитрий Тураев болды. Олар Алматыда Орталық Азия мен Ауғанстан үшін БҰҰ Өңірлік орталығын құру жөніндегі бастаманы қолдайтынын айтты. Мұндай бастаманы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынғанын айта кеткен жөн.

 

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#БҰҰ #Ғылыми-практикалық конференция #Бейбітшілік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда қазақ жазушылары марапатталды

Бүгін 09:07

Мемлекеттік қызметке қабылдау онлайн форматқа өтті

Бүгін 09:00

Бүгін еліміздің 13 өңіріне дауылды ескерту жарияланды

Бүгін 08:54

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Кеше 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Кеше 18:02
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика