Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Өмір-өзен / Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райына байланыс...

Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Өмір-өзен Бүгін 08:14 22
Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қазгидромет ауа райының қолайсыздығына байланысты  Астана, Алматы, Шымкент қалаларында және Қазақстанның 14 облысында ескерту жариялады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Астана қаласында таңертең және күндіз қар жауып, жаяу бұрқасын соғады. Күндіз желдің екпіні 15–20 м/с дейін күшейеді.

Алматы қаласында кей уақытта тұман түсіп, көктайғақ болады.

Алматы облысы-ның солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы аймақтарында тұман, көктайғақ күтіледі. Облыстың шығысында, орталығында және таулы өңірлерінде желдің екпіні 18–23 м/с дейін жетеді.

Шымкент қаласында түнде кей уақыттарда жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз жаңбыр жауады.

Түркістан облысының оңтүстігінде және таулы аймақтарында түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде жаңбыр, таулы өңірлерінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанады. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы аймақтарында тұман түседі. Солтүстігі мен таулы өңірлерінде жел 15–20 м/с болады.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде түнде қар жауып, жаяу бұрқасын соғады, күндіз де қар мен жаяу бұрқасын күтіледі. Батысы мен солтүстігінде тұман болады. Күндіз желдің екпіні 15–20 м/с дейін жетеді.

Атырау облысының батысы мен оңтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында түнде және таңертең қар, жаяу бұрқасын болжанады. Батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде тұман түседі.

Ақтөбе облысының солтүстігі мен солтүстік-шығысында аздаған жауын-шашын (негізінен қар), көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығысында жел 15–18 м/с екпінмен соғады.

Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде және орталығында түнде және таңертең жолдарда көктайғақ болады. Солтүстік-шығысы мен орталығында тұман күтіледі.

Жетісу облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында және таулы аймақтарында кей уақыттарда тұман, көктайғақ күтіледі. Шығысы мен таулы өңірлерінде жел 15–20 м/с, ал Алакөл көлдері маңында 23–28 м/с дейін күшейеді.

Қостанай облысында қар жауады, батысында, солтүстігінде және шығысында жаяу бұрқасын соғады, күндіз көктайғақ күтіледі. Оңтүстігі мен шығысында тұман түседі. Желдің екпіні 15–20 м/с.

Абай облысының Жарма ауданында күндіз жел 15–20 м/с екпінмен соғады.

Павлодар облысының батысы мен оңтүстігінде күндіз қар жауып, жаяу бұрқасын соғады. Желдің екпіні 15–20 м/с дейін жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысында қар мен жаяу бұрқасын күтіледі. Батысында тұман түседі. Батысы мен оңтүстігінде жел 15–20 м/с.

Қызылорда облысының солтүстігі мен орталығында көктайғақ, тұман күтіледі.

Жамбыл облысының таулы аймақтарында қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Кей уақыттарда тұман мен көктайғақ болады. Таулы өңірлерде түнде, ал күндіз облыстың оңтүстік-батысында және таулы аймақтарында жел 15–20 м/с соғады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ауа райы #болжам #Ескерту
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда белгілі суретшінің "Сан ғасырлық сарын" көрмесі ашылды

Бүгін 10:18

«Ұландық дос» жобасы: Ұлттық ұлан сарбаздары арасындағы бауырластық арта түспек

Бүгін 10:13

Елдегі жолдардың қазіргі ахуалы қандай?

Бүгін 09:45

Алматыда есептегі сотталған азаматтар тексеріліп жатыр

Бүгін 09:23

Қорғаныс министрі Қарулы күштердің жауынгерлік дайындық басымдықтарын айқындады

Бүгін 09:14
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі