Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Өмір-өзен / Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райына байланыс...

Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Өмір-өзен 08.04.2022, 12:42 1,577
Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Сурет: Azertag.az

Кей өңірлерде күн күркіреп, жаңбыр жауады.


Еліміздің 10 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.


Алматы облысының оңтүстігінде және таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күн күркіреген кезде желдің екпіні 17-22 м/с-қа жетеді.


Ақтөбе облысының оңтүстігінде, батысында шығыстан, солтүстік-шығыстан екпіні 15-20 м/с-қа дейін жел соғады.


Күндіз Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады. 9-11 сәуір күндері облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аймақтарда найзағай ойнайды. Солтүстік-шығысында, оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарда екпіні 15-20 м/с-қа дейін жел тұрады.


Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.


Қарағанды облысының солтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан, батыстан, оңтүстіктен жел соғады, екпіні – 15-20 м/с. Қарағанды қаласында түнде тұман күтіледі.


Қызылорда облысының орталығында түнде шаңды дауыл, күндіз найзағай, дауыл күтіледі. Облыс орталығында солтүстік-шығыстан, шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Қызылорда қаласында түнде шаңды дауыл тұрады, шығыстан жел соғады, екпіні – 16 м/с.


Түнде Маңғыстау облысының оңтүстік-батысында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел батысқа ауысады, түнде облыстың солтүстігінде желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.


Күндіз Павлодар облысының солтүстігінде солтүстік-батыстан екпіні15-20 м/с жел соғады.


Күндіз Түркістан облысының тауларында қатты жаңбыр жауады. Таулы және тау бөктеріндегі аудандарда найзағай соғып, дауыл тұрады. Облыстың солтүстігінде шаңды дауыл болуы ықтимал. Облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.


Түркістан қаласында таңертең және күндіз найзағай күтіледі. Шығыстан соққан желдің екпіні – 15-20 м/с.


Шымкент қаласында күн күркіреп, дауыл соғады. Шығыстан соққан желдің екпіні – 15-20 м/с.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ауа-райы #Қазақстан #болжам #прогноз #погода
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Open Almaty арқылы өтініш қабылдауға арналған бірыңғай 109 нөмірі іске қосылды

Бүгін 20:28

Танымал дзюдошы Әбиба Әбужақынова Ұлттық ұлан әскери қызметшілерімен кездесті

Бүгін 19:27

Исламда эвтаназияға неге рұқсат етілмейді?

Бүгін 18:24

Алматы әуежайын жаңғырту: терминал мен автотұрақтардың қызмет көрсету мүмкіндігі екі есеге артады

Бүгін 17:52

Алматыда демалыс күнгі жәрмеңкелер жаңғыртылады

Бүгін 17:49
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика