AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанның автожол саласына қандай өзгерістер ен...

Қазақстанның автожол саласына қандай өзгерістер енгізілді?

Әлеумет 19.12.2025, 15:49 418
Қазақстанның автожол саласына қандай өзгерістер енгізілді?
Сурет: Gov.kz

2025 жылы Қазақстанда автомобиль жолдарын салу және күтіп-ұстау сапасын арттыруға, нарық қатысушыларының жауапкершілігін күшейтуге, сондай-ақ жол инфрақұрылымын пайдаланушылардың құқықтарын қорғауға бағытталған автожол саласында бірқатар маңызды реформалар іске асырылды. Барлық жаңашылдықтар заңнамалық және нормативтік-құқықтық деңгейде бекітілді, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Негізгі қадамдардың бірі – жол-құрылыс материалдарының бірыңғай базасын заңнамалық тұрғыда бекіту болды (https://rcmbase.qazjolgzi.kz/). Бұл платформа автомобиль жолдарын салу және жөндеу кезінде қолданылатын материалдар мен технологиялар туралы деректер жинақталған орталықтандырылған ақпараттық жүйе болып табылады. Барлық мәліметтер сынақтан өткен және сапасы мен қолдану саласын растайтын құжаттармен сүйемелденеді. Сонымен қатар, базада карьерлер, асфальтбетон зауыттары және өзге де өндірістік нысандар туралы ақпарат қамтылған.

Ағымдағы жылы жол құрылысы сапасына техникалық және авторлық қадағалау саласындағы жауапкершілік күшейтілді. Енді қадағалауды жүзеге асыратын ұйымдардың штатында жол құрылысы саласында білікті мамандардың болуы міндеттелді, бұл бұрын аккредиттеу кезінде міндетті талап болып саналмаған. Бұдан бөлек, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңға енгізілген түзетулер аясында техникалық және авторлық қадағалауды жүзеге асыратын тұлғалар мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілді. Бұл олардың заң алдындағы жауапкершілігін едәуір арттырады.

Ақылы автомобиль жолдарын пайдаланушылардың құқықтарын қорғау да маңызды жаңалықтардың бірі болды. Енді дефектілер немесе жолдың нормативтік жай-күйіне сәйкес келмеу фактілері анықталған ақылы жол учаскелері бойынша жүргізушілер жол жүру ақысын төлеуден босатылады. Мұндай учаскелерде төлем кемшіліктер толық жойылғанға дейін алынбайды.

Тағы бір маңызды қадам – автомобиль жолдары үшін нақты жөндеу мерзімдерін бекіту. Нормативтік деңгейде жол санаты, қозғалыс қарқындылығы және климаттық жағдайлар ескеріле отырып, ағымдағы, орта және күрделі жөндеу жұмыстарының жаңа кезеңділігі айқындалды.

Сондай-ақ жол саласы қызметкерлерінің біліктілігін арттыру қағидалары бекітілді. Жаңа талаптарға сәйкес, мамандар кемінде үш жылда бір рет, кемінде 40 академиялық сағатты құрайтын оқудан өтуге міндетті. Ал жол ұйымдарының басшылары лауазымға тағайындалғаннан кейін алты ай ішінде күндізгі оқу форматында білімін жетілдіруі тиіс. Оқу қорытындысы бойынша қорытынды бағалау жүргізіліп, үш жыл мерзімге сертификат беріледі.

Жалпы алғанда, қабылданған шаралар стандарттауға, цифрлық есепке алуға, сапаны бақылауды күшейтуге және автомобиль жолдарын пайдаланушылардың мүдделеріне негізделген автожол саласын басқарудың жаңа моделін қалыптастырады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #Автожол #өзгеріс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қала қауіпсіздігі басты назарда: Наурыз қарсаңында алматылық ұландықтардыңавтопаркі заманауи техникамен толықты

Бүгін 21:14

Алматыда көктемгі әскерге шақыру басталды

Бүгін 19:27

Тоқаев: ғылымды қаржыландыру ісіне қатаң тәртіп керек

Бүгін 17:52

Алматыда “Батамен ел көгерер” атты батагөйлер байқауы өтті

Бүгін 17:29

Құндылықтар мен қолдау: отбасы арқылы экстремизм мен зорлық-зомбылыққа тосқауыл

Бүгін 17:14
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика