AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанның алты өңірінде балаларға арналған сый...

Қазақстанның алты өңірінде балаларға арналған сыйымдылығы шағын үйлер ашылды

Әлеумет 27.11.2023, 04:05 844
Қазақстанның алты өңірінде  балаларға арналған сыйымдылығы шағын үйлер ашылды
gov.kz

Орталықтарда емдік дене шынықтыру, массаж, дефектолог, логопед, психолог және т.б. кабинеттер бар.


Жеке секторды тарта отырып, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру шеңберінде Қазақстанның алты өңірінде мүгедектігі бар балаларға арналған сыйымдылығы шағын үйлер ашылды, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz



Сыйымдылығы шағын үйлер құру ҚР Әлеуметтік кодексінде белгіленген әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін трансформациялау аясындағы жұмыс бағыттарының бірі болып табылады. Ірі интернат үйлерінде қызмет көрсетуден шағын жинақты әлеуметтік қызмет көрсету ұйымдарында қызмет көрсетуге көшу көзделеді. Жан басына шаққандағы қаржыландыру арқылы жеке секторды тарту арқылы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетудің мемлекеттік орталықтарын кезең-кезеңімен монополиясыздандыру жүзеге асырылады. Сыйымдылығы шағын үйлерді мүгедектігі бар адамдар тұратын жерлерде, оның ішінде ауылдық жерлерде тікелей ашу жоспарлануда.



Пилоттық жобаға еліміздің 7 өңірі қатысуда: Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Түркістан облыстары және Астана, Алматы, Шымкент қалалары.


Бұған дейін хабарланғандай, мүгедектігі бар балаларға арналған алғашқы  сыйымдылығы шағын үй 2023 жылдың 4 шілдесінде Қарағандыда ашылды. Осындай сыйымдылығы шағын үйлер осы жылғы 29 тамызда Көкшетау мен Шымкентте, 1 қыркүйекте Астанада, 10 қыркүйекте Түркістан облысында ашылды. Қараша айында Орал қаласында тағы бір «Ақ ниет» сыйымдылығы шағын үй ашылды.


Жалпы, жоғарыда аталған сыйымдылығы шағын үйлер 130 орынға есептелген.


Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған сыйымдылығы шағын үйлерде арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемі қолжетімді әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-педагогикалық, әлеуметтік-еңбек, әлеуметтік-мәдени, әлеуметтік-құқықтық, әлеуметтік-экономикалық түрлері бар.


Сыйымдылығы шағын үй жағдайында қызмет көрсету стационарлық және жартылай стационарлық ұйымдардың қолданыстағы желісіне балама болып табылады және баланың отбасымен бірге болуына бағытталған. Бұл ретте мүгедектігі бар балалардың ата-аналары жұмысқа шығып, отбасының әл-ауқатын арттыра алады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #балалар #үйлер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Astana AI Film Festival халықаралық AI-фильмдер байқауы әлемнің түкпір-түкпіріндегі креаторлардан өтінім қабылдауды бастады

Бүгін 19:35

Алматыға Шанхай ғылым және технологиялар колледжі делегациясы келеді

Бүгін 18:42

Алматының ажары

Бүгін 18:12

Алматылық Камиля Досмалова пара таэквондодан Азия чемпионы атанды

Бүгін 16:51

Алматы тұрғындары «Таза бейсенбі» экологиялық акциясына қатысты

Бүгін 16:49
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);