AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Қазақстанның 180-нен астам оқушысы математикадан б...

Қазақстанның 180-нен астам оқушысы математикадан бақ сынады: Алматыда үздік жас зияткерлер марапатталды

Білім және ғылым Бүгін 16:56 47 yakiya
Қазақстанның 180-нен астам оқушысы математикадан бақ сынады: Алматыда үздік жас зияткерлер марапатталды

2026 жылы 28 сәуірде Алматы қаласы Алатау ауданындағы Оқушылардың инновациялық шығармашылық орталығында 8-9 сынып оқушыларына арналған Аягүл Миразова атындағы II республикалық математикалық олимпиаданың жабылу салтанаты мен жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Биылғы зияткерлік додаға Қазақстанның 20 өңірінен келген 183 дарынды оқушы қатысып, математикалық білімін, логикалық ойлау қабілетін және шығармашылық әлеуетін көрсетті. Олимпиада жас математиктер тәжірибе алмасуға, жаңа достар табуға және қабілетін дамытуға жол ашты.

Салтанатты рәсімге Алматы қаласы Білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Сәкен Жаббарұлы Аралбаев, олимпиаданың негізін қалаушы — Қазақстанның алғашқы Еңбек Ері, көрнекті педагог әрі ғалым Аягүл Төреқызы Миразова, сондай-ақ педагогикалық қауымдастық өкілдері қатысты.

«Бұл олимпиада – ақыл мен табандылықтың нағыз мерекесі. Жыл сайын қатысушылардың дайындық деңгейінің артып келе жатқанын, олардың білімге деген құштарлығын айқын көреміз. Мұндай жобалар дарынды балаларды анықтап қана қоймай, еліміздің бүкіл білім беру жүйесіне жоғары талап қояды. Олимпиаданың Аягүл Төреқызы Миразованың есімімен аталуы – ғылым мен балаларға адал қызмет етудің жарқын үлгісі», – деді Алматы қаласы Білім басқармасының «Алматы дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының директоры Гүлнұр Кәрімғажы.

Олимпиада қорытындысы:

* 9 қатысушы «Ерекше жетістікке жеткені үшін» номинациясымен марапатталды;

* 7 оқушы III орын иегері атанды;

* 4 оқушы II орын иеленді;

* 2 оқушы I орын алды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер қатарында алматылық оқушылар да бар. Nurorda мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы Омар Айсұлтан I орын иеленсе, «Білім Инновация» мамандандырылған мектеп-лицейінің 8-сынып оқушысы Тілеухан Бекзат III орынға тұрақтады.

Павлодар облысынан келген Акмаль Шаяхметов «Ең жас қатысушы – 2026» арнайы номинациясымен марапатталды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Алматы қаласы Білім басқармасының I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталып, «Marwin» дүкендер желісінің сертификаттарына ие болды. Сонымен қатар, ақшалай сыйлықтар олимпиаданың негізін қалаушы Аягүл Төреқызы Миразованың атынан табысталды. І орын иегерлеріне 70 000 теңгелік сертификат пен 50 000 теңге, ІІ орын иегерлеріне 50 000 теңгелік сертификат және 40 000 теңге, ІІІ орын жүлдегерлері 30 000 теңгелік сертификат және 30 000 теңге көлемінде сыйақы алды.

Аягүл Миразова атындағы республикалық математикалық олимпиада дарынды оқушыларды анықтау, олардың зияткерлік әлеуетін дамыту және елдегі математикалық білім сапасын арттыру жолындағы маңызды алаң екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#олимпиада
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Вечерний Алматы» газетінің жарық көргеніне 90 жыл толды

Бүгін 18:27

Саз әлемінің сардары дүниеге келген күн: Ахмет Жұбанов туралы сіз білмейтін 10 дерек

Бүгін 18:02

Алматыда инклюзия жүйесін құру жолдары талқыланды

Бүгін 17:47

Алматыда әкелер форумы өтті

Бүгін 17:43

Алматы базарларында ұлттық ойындар бойынша жастар фестивалі өтіп жатыр

Бүгін 17:14
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика