AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстаннан тыс жерлерге автокөлікпен көмір шығар...

Қазақстаннан тыс жерлерге автокөлікпен көмір шығаруға тыйым салынады

Әлеумет 25.08.2022, 16:30 1,259
Қазақстаннан тыс жерлерге автокөлікпен көмір шығаруға тыйым салынады
сурет: Egemen.kz

Бұйрық әзірленді 


Көмірді Қазақстаннан тыс жерлерге автокөлікпен шығаруға тыйым салатын бұйрық әзірленді. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Индустриялық даму комитетінің төрағасы Ілияс Оспанов айтып берді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.



«Өткен жылыту маусымында көмірді республикадан тыс жерлерге шығару фактілері байқалды. Мұнда биржа арқылы ұсыну жолымен алатын, халық үшін арнайы баға белгіленген көмір бар екенін айта кетейін. Бірақ өткен жылы көмірдің едәуір көлемі арнайы бағамен ел аумағынан тыс кеткені туралы фактілер анықталды», - деді Ілияс Оспанов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.



Жамбыл облысы әкімдігінің дерегіне сәйкес, өткен жылы «Айша бибі», «Сыпатай батыр», «Қарасу» кеден бекеттері арқылы Қырғызстанға шамамен 120 мың тонна көмір шығарылған.



«Көмірді елден әкету әлі де жалғасуда. Меркі ауданы тұрғындарының ақпараты бойынша, көмір сату орындарында қатты отынды әкетуге дайын 50-ге жуық автокөлік тұр. Биыл осындай фактілерді болдырмау үшін көмірді автокөлікпен әкетуге тыйым салатын бұйрық әзірледік. Бірақ теміржол көлігінде еш шектеу жоқ. Біз шекаралас өңірлермен кеңес өткіздік», - деп нақтылады спикер.



Бұған дейін Ілияс Оспанов Қазақстанда жылыту маусымына дайындық қалай жүріп жатқанын айтқан еді.
Сонымен бірге Қазақстанда көмір қымбаттауы мүмкін.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#көмір #бұйрық #отын
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Астанада «Болашақ атомы» халықаралық конференциясы өтті

Бүгін 12:16

АШМ: 2027 жылғы өнімге қажетті тұқым қорының 90%-ы дайындалды

Бүгін 12:00

Шаруаларға астықты кептіруге қосымша 41,3 мың тонна дизель отыны бөлінді

Бүгін 11:56

Алматының Алмалы ауданында көшені тазалау кестесі өзгерді

Бүгін 11:32

Алматының орталығында бірыңғай жаяу жүргіншілер бағыты қалыптасып, тұрғын үйлердің қасбеті жаңарып жатыр

Бүгін 11:29
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);