Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстаннан сыртқы нарықтарға күнбағыс майын жетк...

Қазақстаннан сыртқы нарықтарға күнбағыс майын жеткізу 2,5 есе артты

Әлеумет 03.11.2022, 05:34 1,139
Қазақстаннан сыртқы нарықтарға күнбағыс майын жеткізу 2,5 есе артты

2021 жылы елімізде 430,2 мың тонна май өндірілді.


Биылғы 9 айда, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда елімізде өсімдік майы 25,3% - ға артық өндірілген деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inbusiness.kz сілтеме жасап.


Energyprom.kz порталының  дерегінше, өңірлік бөліністе ең көп өнім өндірген Шығыс Қазақстан облысы, 181 мың тонна, жыл ішіндегі өсім 16%. Жетекші өңірлер үштігінде Абай облысы - 61,7 мың тонна және Шымкент қаласы, 41,6 мың тонна өнім алған, өндіріс 29,1% азайған.


Жалпы, 2021 жылы елімізде 430,2 мың тонна май өндірілді, бір жыл бұрынғыдан 11,3%-ға аз. Сектордағы өндірістің 83,5% — ы тазартылмаған (247,7 мың тонна, өткен жылмен салыстырғанда 89,1% - ға артық) және тазартылған (104,7 мың тонна, 4,6% азайған) күнбағыс майына тиесілі.


Өсімдік майының басқа түрлерінің арасында тазартылған және тазартылмаған рапс майы (бір жылда 9,9%, 23,6 мың тоннаға дейін ұлғайды) және мақсары майы (2%, 1,4 мың тоннаға дейін артты) сияқты санаттарда өндіріс көлемі өсті.


Тазартылған және тазартылмаған соя майы (39,5% - ға, 8,8 мың тоннаға дейін), сондай-ақ мақта майының (22,8% - ға, 6 мың тоннаға дейін) өндірісі айтарлықтай қысқарды.


Биылғы қаңтар-тамыз айларының қорытындысы бойынша жергілікті компаниялар өсімдік майына сұранысты (ішкі нарықта өткізу және экспорт) 81,2% - ға қамтамасыз етті. Бір жыл бұрын қамту - 78,4% еді.


Осы кезеңде жергілікті өндіріс 19,3% - ға, 369,8 мың тоннаға дейін өсті. Импорт, керісінше, 0,2%, 85,4 мың тоннаға дейін қысқарды. Импорт үлесі 18,8% болды, бір жыл бұрын 21,6% болған еді.


Есесіне экспорты бірден 1,9 есеге, 201,4 мың тоннаға дейін өсіп, 44,2% болды, бір жыл бұрын-26,6% еді. Ішкі нарықта өсімдік майларының барлық түрін сату 253,8 мың тоннаны құрады, өткен жылмен салыстырғанда 12,6% - ға аз.


Жергілікті компаниялар күнбағыс майына сұранысты  82,7% - ға қамтамасыз етті, бір жыл бұрын 79,2% еді. Импорт сәйкесінше 17,3%-ды құрады.


Украинадағы соғысқа байланысты жеткізу желілері бұзылғаннан еліміз үшін жаңа экспорттық бағыттар пайда болды. Шығыс Қазақстанның май өндірушілері биыл алғаш рет Еуропа нарығына шықты. Украина соғысқа байланысты күнбағыс майын өндіру басымдығынан айырылды, ал Ресей санкцияларға байланысты әдеттегі тұтынушыларынан айырылды. Енді бұл тауашаны Қазақстан игеруде.


Ағымдағы жылдың қыркүйегінде өсімдік майының бағасы бір жылда 16,6% - ға өсті. Оның ішінде күнбағыс майы жылдық динамикада 16,4% — ға, зәйтүн майы 22% - ға қымбаттады.


Маңғыстау облысының тұрғындары өсімдік майы бағасының қымбаттағанын қатты сезді: бір жылда 23,9% - ға өсті. Антилидерлер үштігінде Алматы облысы (бір жылда 23,8%) және Алматы (23,4%) кірді. Жыл ішінде өсімдік майы бағасы ең аз өскен өңір – елорда, 7,1%-ға өсті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #май #экспорт
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының Әуезов ауданында сауда көлемі бірінші тоқсанда 20%-ға өсті

Бүгін 12:04

Алматының Әуезов ауданында биыл 7,4 мың қызмет көрсетілді

Бүгін 12:02

Алматының Әуезов ауданындағы 2026 жылға арналған жобалар

Бүгін 11:58

Алматының Әуезов ауданында күн сайын 700-ден астам қызметкер тазалықты қамтамасыз етеді

Бүгін 11:56

Әуе толқынында – «Шалқар» радиосы!

Бүгін 11:37
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика