Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Қазақстанға Қызыл кітапқа енген төрт Амур жолбарыс...

Қазақстанға Қызыл кітапқа енген төрт Амур жолбарысы әкелінеді

Әлем Бүгін 12:11 38
Қазақстанға Қызыл кітапқа енген төрт Амур жолбарысы әкелінеді
РИА Новости

Ресей Қазақстандағы жолбарыс популяциясын қалпына келтіру жобасы аясында елге Қызыл кітапқа енген төрт Амур жолбарысын береді, деп хабарлайды Aqshamnews.kz тілшісі.

Мәліметке сәйкес, бұл шешім жоғары деңгейде құжатпен рәсімделген. Жоба аясында Қазақстанға әр жынысты, дені сау, жарақат алмаған, тұяқты жануарларды аулай алатын және адамға табиғи реакция танытатын жолбарыстар таңдалып алынады. Іріктеуден өткен аңдар алдымен Қазақстандағы оңалту орталығына орналастырылады.

Мамандар орталықта жыртқыштардың Қазақстан аумағындағы жануарларға қалай аңшылық жасайтынын және адамға реакциясын тексереді. Егер барлық сынақтан сәтті өтсе, олар табиғи ортаға жіберіледі.

Ресейлік мамандардың айтуынша, үміткерлер қатарында анасынан айырылған жетім жолбарыс күшіктері немесе адаммен қақтығыстың алдын алу үшін табиғаттан ұсталған жас жыртқыштар бар. Қазір төрт аңды бірден жіберу үшін іріктеу жүріп жатыр.

Сондай-ақ ресейлік тарап жолбарыстарды жерсіндіру және кейінгі бақылау кезеңінде де Қазақстанмен бірлесіп жұмыс істемек. Алғашқы уақытта олар қазақстандық мамандарға оқыту семинарларын өткізеді.

Айта кетейік, Қазақстанда жолбарыс популяциясын қалпына келтіруге жағдай жасау жұмыстары 2010 жылдан бері жүргізіліп келеді. Ал 2022 жылы Қазақстан мен Ресей жолбарысты қайта жерсіндіру туралы келісімге қол қойған. 2025 жылдың қарашасында екі елдің экология министрлері Қазақстанға Амур жолбарыстарын әкелу және бастапқы бейімдеу жөніндегі бірлескен іс-шаралар жоспарын бекітті.

Амур жолбарысы – жер бетіндегі ең сирек жыртқыштардың бірі. Ол халықаралық Қызыл кітапқа енген. Сарапшылардың бағалауынша, Ресейдегі жабайы табиғатта бұл аңдардың саны шамамен 750 басқа жетеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Данияр Шамшаев Хорватиядағы Еуропа кубогында чемпион атанды

Бүгін 11:34

“Қайрат” Санкт-Петербургте “Зениттен” жеңілді

Бүгін 10:41

Алматы тауларында “Бұтақты” визит орталығы ашылды

Бүгін 10:22

Еркебұлан Тоқтар қырғыз файтеріне есе жіберді

Бүгін 10:17

Жексенбіде еліміздің ірі қалаларында ауа райы қандай?

Бүгін 09:37
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика