AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Қазақстанға Грузия Премьер-Министрі келеді

Қазақстанға Грузия Премьер-Министрі келеді

Саясат 21.06.2022, 12:37 1,485 Almaty-akshamy
Қазақстанға Грузия Премьер-Министрі келеді
Сурет: Ашық дереккөз

Грузияның Премьер-министрі келесі айдың аяғында Қазақстанға келуді жоспарлап отыр


Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар экономикалық форумы аясында Грузияның Премьер-министрі Ираклий Гарибашвилимен кездесу өткізді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.


Кездесуде екіжақты ықпалдастықтың өзекті мәселелері талқыланды.



«Сіздің назарыңызды мынадай бағыттардағы ынтымақтастықты дамыту перспективаларына аударғым келеді. Атап айтқанда, өзара сауда көлемін ұлғайту. Менің ойымша, біз өнімдерді өзара жеткізуді арттыра аламыз. Қазақстанға және Орталық Азияның басқа да елдеріне тауар жеткізу жағынан Грузияның үлкен қоры бар. Осы бағытта тығыз жұмыс істеуге дайынбыз», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.



Мемлекет басшысы көлік-логистика саласында, атап айтқанда Қазақстанның Ақтау және Құрық айлақтарының, сондай-ақ Батуми теңіз айлағының әлеуетін пайдалана отырып, екі ел арасындағы жүк тасымалын бірлесіп жүзеге асырудың маңызды екенін атап өтті.


Өз кезегінде Ираклий Гарибашвили Дохада кездесуге уақыт бөлгені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс білдіріп, Грузияның Қазақстанмен арадағы көпжақты әрі өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамытуға әзір екенін растады. Грузияның Премьер-министрі келесі айдың аяғында Қазақстанға келуді жоспарлап отыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Грузия #Тоқаев #кездесу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Төле би көшесінің бір бөлігінде қозғалыс уақытша шектеледі

Бүгін 18:20

Алматыда Орталық Азиядағы ең биік таулы падел алаңы ашылды

Бүгін 18:02

Алматыда заңсыз салынған «Береке» базары сүрілді

Бүгін 17:57

Сенатта Семей ядролық сынақ полигонының жабылғанына 35 жыл толуына арналған дөңгелек үстел өтті

Бүгін 14:19

Абай университетінде талапкерлерді қабылдау науқаны басталды

Бүгін 14:15
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);