AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанға бірқатар елден өнімдер кіргізілмейді

Қазақстанға бірқатар елден өнімдер кіргізілмейді

Әлеумет 13.10.2021, 09:08 1,132
Қазақстанға бірқатар елден өнімдер кіргізілмейді
krrot.net

2021 жылғы 1-8 қазан аралығында Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің аумақтық инспекциялары Қазақстан аумағына Ресейден, Қырғызстаннан, Польшадан, Литвадан және Ираннан фитосанитариялық қаупі жоғары карантинге жатқызылған өнімді заңсыз әкелудің 86 әрекетін тоқтатты, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.



«Карантиндік фитосанитариялық бақылауды жүргізу кезінде Ресей Федерациясынан 803 тонна алма, банан, қызанақ, картоп, қырыққабат, бұрыш, қызылша, сәбіз, бидай, ұн және басқа да өнімдерді фитосанитариялық сертификатсыз әкелуі анықталды. Қырғызстан 2,7 тонна құлпынай, таңқурай, құрма және раушан тамырын фитосанитариялық сертификатсыз әкелгені және олардың маркировкасыз екені белгілі болды. Польшадан 20,3 тонна алма фитосанитариялық сертификатсыз жеткізілген. Литвадан 19,9 тонна кешью жаңғағының карантинге жатқызылған өнімді екінші рет тексеруге ұсынбаған. Ираннан 45,8 тонна алма әкелу кезінде фитосанитариялық талаптарға сәйкес келмеуі анықталды», - делінген ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мәліметінде.



Нәтижесінде кінәлі адамдар ҚР ӘҚБтК-нің 400-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оларға 4,2 млн теңге сомасында әкімшілік айыппұл салынды.



«Жыл басынан бері ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің аумақтық инспекциясы өсімдіктер карантині саласында 5 мыңнан астам заң бұзушылықты анықтап, нәтижесінде 367,2 млн теңге сомасына әкімшілік айыппұл салынды», - деп аталып өткен ведомство хабарламасында.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #өнімдер #тыйым
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Күштірек, жылдамырақ, ақылдырақ: Алматы жастары «Бес қару» сынынан өтті

Бүгін 18:39

Қазақстан мен Әзербайжан «ТурАн» атты бірлескен туроператорды іске қосты

Бүгін 18:37

Астанада тіс емдетуге барған 20 жастағы жігіт көз жұмды

Бүгін 17:51

Алматыда «Таза Қазақстан» акциясы аясында жергілікті сенбілік өткізілді

Бүгін 15:57

Алматы қаласының әкімі  кітап оқу эстафетасын жалғастырды

Бүгін 14:36
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика